10 жасар қыз айтқан әннің видеосы миллиондаған көрермен жинады

America’s Got Talent бағдарламасына қатысқан 10 жасар Иман Биша ерекше дауысымен көрермендерді тәнті етті. Оның YouTube-қа жариялаған видеосын айналасы бір аптаның ішінде екі миллионнан астам адам көрген.

Байқауда кішкентай қыз Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсының соңғы актындағы «Ешкім де ұйықтамайды» (Nessun dorma) ариясын орындады. Тамаша дауыс иесінің келесі кезеңге өтуіне қазылар алқасының төрт мүшесі де бірауыздан дауыс берді.

Иман Биша Иорданияда туған. 2017 жылы ол араб елдерінің Arabs Got Talent байқауында жеңіске жеткен. Сол жолы Иордания королі ІІ Абдалла Иманды алтын медальмен марапаттаған болатын.

inform.kz