3 мыңға жуық бос қалған білім беру гранты қайтадан тағайындалды

Республикалық конкурстан кейін бос қалған ЖОО-ға арналған мемлекеттік гранттар қайта тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

“Көптен күткен ақпаратпен бөлісейін, конкурстық тағайындаудан кейін бос қалған жоғары білім берудің 2983 грантын беру нәтижелерін grant.testcenter.kz сілтемесі арқылы (ТЖК және ЖСН бойынша) білуге болады”, – деп жазды Дидар Смағұлов Facebook-тегі жеке парақшасында.