Алматыда 6 тілге аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиясының таныстырылымы өтіп жатыр

Алматыда «Жаһандағы заманауи қазақстандықмәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 ресмитіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиетіантологиясының алғашқы нұсқаларытаныстырылды.

Поэзия және проза жинақтарыныңтаныстырылымына осы жобаға қатысқанҰлыбритания, Испания, Франция, Ресей, Қытайжәне Египет аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының басшылары, шығармалары қазіргі қазақ әдебиетіантологиясына енген авторлар қатысып жатыр.



Жиын барысында ҚР Президенті әкімшілігі Ішкісаясат бөлімінің меңгерушісі, «Жаһандағызаманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іскеасыруға жауапты жұмыс тобының жетекшісі Аида Балаева сөз сөйлеп, аударма жұмыстарыныңқалай жүргізілгенін айтып өтті.

«Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына екіжыл толып отыр. Осы жылдар арасындақыруар жұмыстар атқарылды. Елбасы атапөткен 6 жоба бойынша нақты нәтижелер бар. Бүгінгі жиын әдебиет саласындағы атқарылғаністерге арналып отыр. Қазақ әдебиетін БҰҰ-ның 6 тіліне аударып, тарату бұған дейінболмаған. Отандық 160 автордың жұмысы бірмезетте әлемнің 6 тіліне аударылды», – дедіАида Балабаева.

Жиынға «Рухани жаңғыру» бағдарламасынжүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, Қазақстан Республикасы Мәдениетжәне спорт министрлігінің өкілдері, ҚазақстанЖазушылар одағы мен «Ұлттық аудармабюросы» қоғамдық қорының өкілдері қатысыпжатыр.

«Жаһандағы заманауи қазақстандықмәдениет жобасы ұзақ мерзімді жұмысқабағдарланған. Біздің міндетіміз қазіргі үздікзаманауи қазақстандық көркем әдебиет арқылышетелдік оқырманды Қазақстанментаныстыру, елдің бейнесін «бірінші болып» қалыптастыру», – деп атап өтті Аида Балаева

Әділет МҰСАХАЕВ