Алматыда IV тоқсан сабақтарын жазда қайталау мүмкіндігі жасалмақ

Алматыда әрбір орта білім беру ұйымында 1-10 сынып оқушылары үшін «Жазғы мектеп» ұйымдастырылады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Алматы қалалық департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алматылық оқушылар үшін жазғы мектепті 15-17 тамыз аралағында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Әрине, қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты болса. Барлық санитарлық талаптар толықтай сақталады. Қосымша ақпаратты уақыт жақындағанда тағы хабарлайтын боламыз»,– деді Гүлнәр Ермекбаева. Жазғы мектепте оқушылар төртінші тоқсанның материалдары бойынша қосымша білім ала алады. Бірақ ол әр оқушының өз қалауы.