Арыстағы дүрбелең кезінде 350-ден аса адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Арыстағы жарылыс кезінде 350-ден аса адам жоғалып кетті. Із-түзсіз кеткендердің тізімінен тек қана үшеуі табылды. Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы тобы мәлімдеді деп хабарлайды.

Жоғалып кеткен тұрғындардың есебінШымкенттегі орталық мешіттің алдында өртсөндіру қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Құзырлы мекеменің мәлімдеуінше, 26 маусымкүні шамамен 50 мың қоңырау келіп түскен.

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге текқана қазақстандықтар ғана емес, өзге елдіңтұрғындары да көмектесуге дайын екенінбілдіруде.

Көбіне халық жақындарын іздестіру шараларыжайлы сұрап, теміржол мен тас жолдардыңжұмысына қатысты сауалдар қояды.

Анықталғандай, қазіргі таңда Шымкентте 42 қабылдауэвакуациялық бөлімше жұмыс істептұр.

Эвакуациялық пункттерде Арыстың 4886 тұрғыны орналастырылған. Олардың теңжартысы балалар екен.

Арыстан эвакуацияланғандардың көпшілігі өзтуыстарының үйінде тоқтаған. Шымкентбойынша эвакуацияланған 20 мың тұрғынтіркелген.

Жарылыс пен эвакуация кезінде із-түзсізжоғалып кеткендерді іздестіру жұмыстары әлі дежалғасып жатыр. Қазіргі таңда, 350-ден асаадамның тек үшеуі ғана табылған.

Айта кетейік, Арыстағы төтенше жағдайсалдарынан үш адам қаза тапты.