Бауыржан Момышұлы: Мені теріс түсінді, ұқпады

…Алматыдағы айуандар менен безді. Менің басыма түскен кішкене бұлттың көлеңкесі оларды шошытты. Они предпочли молчание – обещанию…

…Мен Сібірге өз еркіммен кеткенім жоқ, мені жер аударып жіберді.
…Мені қажытқан табиғаттың аязы емес, өмірдің аяздары болды…

Академияда шығыс халқынан жалғыз мен оқыдым. Бітіргеннен кейін маған шығыстың бес одақтық республикасынан орын табылмады, тимеді. Мені Азияға жолатпады. Шығыстан менен кейін он бес-жиырма жылдың ішінде мен оқыған академияға еш адам түсе қоймады. Ол ашулы, зарлы шындық. Біздің халық соғысқа ерлікпен қатысты, бірақ , оның құны өте қымбат. Осы күні ауыл толған жесірлер мен жетімдер. Соғысқа барған жүз қазақтың жетпіс-сексені қайтқан жоқ, себебі маған айқын – әскери тәжірибе, әскери тәрбиенің дағдылану нашарлығы…Мен соларды майданда көрдім , талдап тексердім, өксіп жыладым, зарландым, қорландым. Мен қалған өмірімді , алған тәжірибемді, білген білімімді жастарға, халқыма арнағым келіп еді. Барымды елге берсем деп едім. Егер де болашақта бір әйел жесір, бір бала жетім қалмауына менің еңбегім себеп болса, армансызбын деген ниет еді. Қысқасы, мені , менің ойымды, ниетімді тупость и невежество қапасқа салып, бенде етті. Мені теріс түсінді, ұқпады. Өгіз мойындық істеді. Осындағы майдалар мені сүзбелеп шетке шығара берді. Жақындарына жылы орын үшін мені аямады. Кішіртті, қудалады. Жабылып әлі жеткені мен болдым…
…Ғапу етіңіз, мен кек сақтап айтып отырғаным жоқ. Әр өнер, әр білім, әр ниет сал болуды тілемейді, құл болуды тілейді. Мен тұла бойыммен халқымның құлымын. Қайда жүрсем де елімнің қызметкерімін. Халқыма жаман атақ еш уақытта алып бергім келмейді, алып бермеймін…

Бауыржан Момышұлы,
“Айтылмаған ақиқат” кітабы.9-том.