Боранбай батырға ас берілді

Қазақтың биі әрі батыры, Хан- батыр Қаракерей Қабанбайдың кеңесшісі, тарихи тұлға Би Боранбай бабамызға Қапанбұлақта/ Жарма ауданы/ құрбандықтар шалынып, ас берілді.

Осындай игілікті шараны ұйымдастырған Шығыс Қазақстандағы ” Кетбұқа-Төлегетай” қоры/ төрағасы Мусин Қайрат мырза/. Сәл шегініс жасасақ, Би Боранбайдың сүйегі жатқан жерге Кесене тұрғызу идеясын 21-ғасырдың басында сол кездегі Тарбағатай ауданының әкімі, белсенді азамат Айбек Кәрімов көтеріп, бірден бастап кеткен еді. Кесенені Ақтаудың ақ тасынан салдыру керек деп шешіп, пойызбен Ақтаудан ақ тас алдырды. Кесене тұрғызатын шеберді де Ақтаудан тапты. Кіші жүз Адай азаматы Смағұл бірнеше жылдан бері Атаның кесенесін өте сапалы деңгейде көтеріп жатыр. “Асығуға болмайды, әрбір миллиметрін өлшеп салу керек, өйткені кесене ғасырлар бойы тұратын жәдігер”- дейді шебер Смағұл. Асқа Би атаның ұрпағы Руслан Кәрменов қатысып, Кесене тұрғызып жатқан азаматтарға алғыс айтып, осы игілікті іске көмектесетінін білдірді. Асқа ақын Несіпбек Айтұлы да қатысып, Би Боранбай туралы дастан жазатындығын айтты. Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Құсайынұлы Сәдуақасов атаның басында шалу үшін құрбандық жіберді және ауданнан келген адамдар үшін көлік ұйымдастырды. Жарма ауданының әкімшілігінен де азаматтар қатысып, көмек жасады. Сонымен бірге Қазақстанның қалаларынан белгілі азаматтар Асқа қатысып, тілектерін айтып, Атаның басына құран оқып, қатым түсіріп риза көңілмен аттанды.

 

Ержан  Құттыбаев