Димаш қазақ мүддесіне жұмыс істеуі керек

Реті солай келді ме, Елбасының мақаласы жарық көрген күні дауласкер күйші Секен Тұрысбековпен елорданы бірге бетке алдық. Үзеңгі жолдас болған соң әңгімеге тартамыз ғой. «Ұлы даланың жеті қыры» туралы да айтылды. Осы тұста Секен ағам ойлы көзін алысқа қадап, әңгіме тиегін ағытты:

  • Қазақ талантты халық қой. Өнерінің, әсіресе күй өнерінің шырқау шегі 19 ғасыр деп ойлаймын. Құрманғазының бір «Серперінің» өзі неге тұрады. Күй деген сол. Анау – «Сарыарқа». Мамандар күйдің санын бірнеше мыңға жеткізеді. Дұрыс қой. Бірақ, шоқтығы биік күйлер санаулы. Әлгі ғасыр Құрманғазыны ғана емес, Тәттімбетті берді. Қазанғап, Дина апамыз. Сүгір, тіпті Төлеген Момбековке дейінгі буынды алайықшы. Кілең мықтылар ғой. Тарихты танығанымыз жақсы. Барды жоғалту қасырет. Кемі қолдағы мұраны ұстап қалайықшы. Нұрағаңды, Тілендиев ағамызды насихаттау керек. Қаншалықты дәріптеліп жүр? Ол кісі рептицияның өзіне үлкен дайындықпен келетін.
  • Ия, бір рет көрдім.
  • Қандай тамаша. Қай жерде?
  • Сол «Отырар сазының» репитициясы. Әмин Тұяқов ағам ертіп апарды. Екеуі дос екен. Ежелгі досының келгені әсер етті ме, маэстро арқаланып кетті. Оркестрді жусатып, өргізді…
  • Міне, біз әркімнің мінезін ашатын, мәнерін көрсететін дүниелер жасауымыз керек. Мысалы, қазір өнер сахнасына Димаш шықты. Қандай керемет! Тыңдаушыларын баурап алды. Лондонда өнер көрсетті. Біз енді Димашты пайдалануымыз керек. Кең диапазонды қаншама туындалар бар, қазақ даласында. Соны орындатуымыз керек. Димаш қазақ мүддесіне жұмыс істейді сонда. Әлем Димаш арқылы қазақ әндерін білетін болады, танитын болады. Білгенде, біздің сол арғы, анау жиырмасыншы ғасырға дейінгі әндерді айтқызуымыз керек. Елде орындалып жүрген шығар. Әлем Димашты тыңдап тұрған шақта әлгі мұраларды насихаттаған дұрыс қой. Әбден дұрыс. Міне, осы бағытта да жұмыс жасан жөн.

Секен ағам қара футлярдағы домбырасын жерге тіреп, айналдыра берді. Өзі басқа әлемге сүңгіген. Бір ғана «Көңіл толқынымен» жұрт көңілінен шыққан күйшінің қай толқында екені қазір өзіне мәлім. Тіпті осы Тұрысбековтың өзіне арналған жібі түзу бір дүние жасап қойса бүгінгі журналистің білгендігі еді… «Оны ұғатын бала қайда?», – депті ғой, кезінде біреу…

Амангелді  Сейітхан