Димаш әлемнің аңыз-әншісімен дуэт құрады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін қызықтырып қойды.

Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялағандай, қазір ол әлемдік деңгейдегі бір аса қызықты жоба дайындауда.

– Әлемдік музыканың аңызымен дуэт дайындап отырмыз… “World music award” жүлдесінің жеңімпазы, керемет әнші. Оны бүкіл әлемде миллиондаған адам сүйсініп тыңдайды. Кім екенін кейін білесіздер, – деп жазды Димаш.

Қазақстандық әншінің жанкүйерлері енді ол кім екен деген болжамдарын жасауда.

Zakon.kz