Димаш Құдайберген: Менің бақытым – халқым мен сахна

Димаш Құдайберген елордада өтіп жатқан концертінде ән сүйер қауымға ризашылығын білдірді.

«Әркімнің өз бақыт өлшемі бар. Менің бақытым –  халқым мен сахна. Менің әндерім сіздердің жүректеріңізге жетіп жатса, менің арманымның орындалғаны. Мені сыйлап, менің өнерімді бағалап келгендеріңіз үшін алғысымды айтамын»- деді Д. Құдайберген.

Концерт сценариіне 27 ән енгізілген, одан бөлек әнші жаңа альбомынан 5 ән орындайды деп күтілуде.

Сондай-ақ, жоғары деңгейдегі қойылымдық нөмірлер үшін балет труппасына әлем сахнасында өнер көрсетіп жүрген  еліміздің ең үздік бишілері мен акробаттары тартылды. Оның ішінде,  «Notre dame de Paris» мюзиклінің әртістері,  «Танцы на ТНТ» жобасының қатысушылары мен батуттық  гимнастика бойынша спорт шеберлері бар.

 

inform.kz