«Достық дастарханы» ынтымақты нығайта бермек

Алматы  шаһарындағы  «Достық»  үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалі болып  өтті.

Бұл  іс-шарының  негізгі  мақсаты- әртүрлі этностардың ұлттық тағамдарымен танысу арқылы төзімділік пен мәдениетаралық түсіністікті нығайту. Сонымен қатар, жастарды этностардың тамақтану мәдениетімен және қонақжайлылығымен таныстырудың зор мүмкіндігі. Сондай-ақ, Қазақстанда тұратын этностардың аспаздық дәстүрлері ерекшеліктерімен таныстыру арқылы түрлі этностардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Бұл жоба барлығын бір істің аясында біріктіруге және түрлі мәдениеттердің қырларын ашуға септігін тигізері сөзсіз.

Фестиваль бағдарламасында:

тағамдардың көрмесі мен дәм тату, сондай-ақ, тағамдардың әзірлену әдістерін, денсаулыққа пайдалы тұстарын айту;
қонақтарды күту салтын көрсету;
этномәдени біррлестіктердің шығармашылық ұжымдарымен әзірленген концерттік нөмірлер қарастырылыпты.

Бұл  игі  Іс-шараға: Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Алматы қаласының жұртшылығы, этномәдени бірлестіктердің жастары, БАҚ тілшілері  қатысты.

Ал,  осы «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалін  ұқйымдастырғандар:

Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РМК, Алматы қ. «Қоғамдық келісім» КМК, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер.