Досым Сәтпаевтың қоры Қазақстандағы ашаршылық туралы фильм түсірді

Ғалымдар сол зұлмат жылдары қазақ халқы 70 пайыз адамынан айырылып қалды дейді.

Фильм авторларының айтуынша, түсіру жұмыстары 2018 жылдың қыркүйегінде Батыс Сібір мен Тюмень облысына барудан басталған. Ол жерлерде 27 мыңға жуық қазақ тұрады.

Олардың арасында 30-шы жылдары ашаршылық, репрессия мен ұжымдастырудан қашып Сібірге қоныс аударғандардың ұрпақтары бар, деп жазады informburo.kz.

Қазақ даласындағы ашаршылық құрбандарының санын зерттеушілер миллионнан төрт миллион адамға дейін деп әртүрлі бағалайды. Ал Әлихан Бөкейханов зерттеулерін негізге алатын ғалымдар сол зұлмат жылдары қазақ халқы 70 пайыз адамынан айырылып қалды дейді.

zakon.kz