Есілде Ұлы Абайды қалай ұлықтадық?!

 Ұлы Абай атамыздың 150 жылдығын бүкіл республикамыз тойлап жатқан кез болатын.

Менің Ақмола облысы Есіл аудандық  ішкі саясат бөлімінде бас маман болып істеп жүрген кезім. Бірде аудандық мәдениет бөлімінің жетекшісі Мәдина Омарованың кабинетке келе қалғаны. Күлімсіреп амандасқан соң, апайымыз;

–  Бейсеке аппараттағы мына орыстар мен орыс тілділер ештеңе білмегендей, естімегендей жымжырт отыр. Екеуміз Абай атамыздың атына бірдеңе ұйымдастырсақ қайтеді. Ешкім қарсы бола қоймас деймін! – Концертіңізді атамызға арнап ұйымдастыра бермедіңізбе дедім, ойланбастан. Ұлы ақынның шығармашылығын басшылыққа алып концерт қою көп қиындыққа түспес, дегенмен сол кісінің атын бір мектепке бергенде – деді апайымыз. Аудандағы мектептердің бәрі орыс тіліндегілер емеспе; – дедім аңтарылып. (ауданда 32 ауылдық округ, 76 орта мектеп бар еді) – Онда тұрған не бар , бұл Қазақстан,- деді апай сөзін нығыздап. Ішімнен «Валентина Вайтович бұл пікірге көне қоймас» (бөлім меңгерушісі), – деп ойладым.

–   Онда сізбен бірге қаладағы №1-ші мектепке барып, ұжымымен кездесіп келейік , егер олар келіссе аудан әкіміне айтармыз.

–   Жүр ендеше. Апайдың қызмет көлігіне отырып мектепке тартып  кеттік. Мектеп ұжымын мұғалімдер бөлмесіне жинап , ойымызды жеткіздік. Жиналғандар ду ете қалды.

Мектеп директоры – мы не достойны;- деді беті сазарып. – Мы не готовы;- деді шулап орынбасарлары. Басқаларыда ананы-мынаны айтып гуілдеп кетті. Сөйтіп олар көнбеді . Екеуміздің салымыз суға кетіп жұмысымызға қайттық  . – Көрдіңбе олар өтірігін соғып, жолатқысы келмейді ;- деп ренжіді мәдениет бөлімінің жетекшісі. Ертеңіне аудан әкімінің орынбасары Инна Стенникова бізді өзіне шақырды.

Ашудан беті қып – қызыл.  Тегі ана мектептегілер кешегі біздің айтқанды мынаған жеткізген секілді. Бізге қысастық көрсетті дедімекен кімбілсін?

– Сендер екеуің қол ұстасып, қолтықтасып нені бүлдіріп жүрсіндер;- деді шаңқылдап. (Мәдина Омарованың менен үш-төрт жас қана үлкендігі бар). Біз ашуына қарсы келмейік деп үндемедік. Әйтпесе, түсінген адамға бұл ұсыныста  тұрған ештемеде жоқ еді. Сонымен уақыт өте береді.

Біраз күндерден кейін апайымыз кабинетке тағы келді.

  • Бейсенғазы сен әкімге ретін тауып айтып көрсеңші.
  • Бірақ, ана Инна Викторовнаға сездірме. Қасыңдағы мына Валентинағада айтпа, ана пәлеге жүгіріп барып айтуы мүмкін. Бастаған істі не болсада аяғына дейін жеткізейік, біз соншалықты қорқатындай қылмыскер емеспіз ғой? – деді Мәдина Мұхамадиқызы ширығып.

Сонан соң ананы – мынаны әңгіме қылып отырып ;

– Сен білесіңбе, менің сіңілім Тараз жаққа тұрмысқа шыққан еді. Соларға анда- санда барып тұрамыз. Өңкей қазақтар.Басқа ұлттар жоқтың қасы. Дегенмен,кейінгі жылдары көп бармайтын болдым. Неге дейсің ғой – барсаң, қай елсің, қай рудансың;- деп келіп-кеткеннің бәрі сұрайды. Надоело. Руларын сұрап жақ-жақ болып, қызыл танау болып жүргендері. Қазақты, Қазақстанды өркендетейік, қызмет етейік;- деп біреуінің айтқандарын естіген емеспін. Қашан олар өркенниетті заманға сай болады?! Өйтіп рушыл болғанша, ұлтшыл болғанымның өзі артық емеспе.

Апай тағы біраз әнгіме айтты. Сонан соң – Бейсеке сен әкімге жолығуды кейінге қалдыра берме; – деді шығып бара жатып.

Сөйтіп әкімге қалай жолықсам деп жүргенде, бір күні әкімшіліктің дәлізінде кездесіп қалдық.

–  Сен жұмыстамысың, кейінгі кезде көрінбейсің – деді әкім сұрақты тіке қойып.

–  Осындамын! Ойыма Мәдина Мұхамадиқызының айтқаны түсіп,-  Амангелді Нұрхамитұлы сізге бір өтініш айтсам деп едім, – дедім жасқаншақтап. Әкім басын изегендей болды.

– Абайдың 150 жылдығына орай аудандағы бір мектептің атауын сол кісінің атына берсек деп едік. Мәдина апай екеуміз ұсыныс айтып едік Инна Викторовна жолатпады.

Өтінішім өзіме біреудің сыртынан шағым айтқандай естілді.

Әкім сәл ойландыда,- шешуге тұрарлық өтініш екен,-  дедіде  ары бұрылып кетті.

Ертеңінде жұмысқа келгенімде хатшы қыз – Бейсенғазы әкімге кел- деді телефон шалып, дедек қағып келсем, әкімнің кабинетінің алдында Мәдина Мұхамадиқызы, Валентина  Вайтович және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Антон Шопин тұр екен. Бір кезде рұқсатпен бәріміз ішке кірдік. Кабинетте әкімнен басқа оның орынбасарлары; Инна Викторовна Стенникова мен Мерей Ізбасарұлы Байлин отыр.

Біз келесімен аудан әкімі – қазір республика көлемінде Абай Құнанбайұлының 150  жылдығы тойлып  жатыр. Бізде соған үлесімізді қосайық. Солтүстік өңірлерде әлі ешкім қозғала қоймаған екен. Біз алғашқысы болып соларға үлгі көрсетейік, – деді бәрімізге қарап.

Сөйтіп Есіл қаласындағы №1 мектепке Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Ол кездерде аудан мектептеріне атау беру әкімнің қол қойуымен іске асырылатын. Сонымен қатар көрші Жақсы, Атбасар, Державин (қазіргі Жарқайың) аудандарынан қонақтар шақырып ұлттық спартакияда ұйымдастырылды. Қаншама киіз үйлер тігілді.  Ұлттық нақыштағы көрме өткізілді. Кейіннен мұны басқа аудандар жалғастырып әкетті.

Қазір еліміз Ұлы Абай атамыздың 175 жылдығын тойлауға үлкен дайындық жасауда. Осыған орай, осыдан 25 жыл бұрын өткен осы оқиғалар кейде есіме келіп, меңіңде  азда болса Ұлы тұлғаның атын ұлықтауға септігім тиді-ау деген ой кейде санама келеді.

Бейсенғазы Ұлықбек

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі