Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай жаңа спектакль қойылады

2019 жылдың 5-6 қыркүйегінде сағат 19:00-де Алматы қаласында, М.Әуезов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында “Фариза” спектаклінің премьерасы қойылады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қазақ халқының көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жасқа толуына орай “A+A Idea Fabric” продюсерлік орталығы “Фариза” спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынады. Идея авторы және спетакльдің бас продюсері, мұнан өзге де көптеген тың жобаларды (XXVIII Халықаралық қысқы Универсиаданың (Алматы – 2017) ашылу және жабылу салтанатын, “Наурыз” халық мерекесіне арналған “Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел!” мюзиклін (2018), Жыл сайын өтетін “Star of Asia” (2017-2019) халықаралық музыка фестивалі т.б) дүниеге әкелген компания жетекшісі Айнұр Көпбасарова. “А+А Idea Fabric” шығармашылық тобының спектакль қоюдағы мақсаты – елімізге танымал тұлғаларды терең таныту, қоғамды әдеби-мәдени тұрғыда байыту, жастардың интелектуалдық белсенділігін дамыту, театр сахнасына көрерменнің қызығушылығын арттыру. Шыншыл да сыршыл өлеңдерімен жұрттың жүрегіне жол тапқан, адалдығы мен ақындығы тең түсетін, қайсар да қайталанбас талант иесі – Фариза Оңғарсынованың өмірі мен өлеңі туралы пьесаны “A+A Idea Fabric” продюсерлік орталығының тапсырысымен драматург Роза Мұқанова жазып шықты.

Креативті  шығармашылық топтың дайындаған спектаклінің ерекшелігі: – көрерменді сахнаға тарту әдістері; заманауи технологиялық құрылғылар көмегімен дайындалған видеоконтент; дыбыс арқылы әсерлеу; образға сай декорация;  сахна көңіл-күйіне сәйкес арнайы жазылған музыка, саундтрек; әртістердің киім үлгісінің талғаммен тігілуі. Пьеса қазақ тілінде қойылады, орыс тіліне ілеспе аударма жасалады. Бас продюсер және идея авторы – Айнұр Көпбасарова. Пьесаның авторы – Роза Мұқанова. Композиторы – Ренат Гайсин. Режиссері – Фархат Молдағали. Басты рөлдерде: “Дарын” мемлекеттік сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина, театр және кино актерлері Қуандық Қыстықбаев, Лейла Бекназар-Ханинга және Ерлан Кәрібаев. Спектакль бойынша жұмыс істегендер: Шара Айдарова, Шынар Омарова, Қуаныш Орынбасаров, Айжан Құрманғалиева, Владимир Кошевой, Сандуғаш Әбдиева, Мәдина Баймағамбаева, Ақсұңқар Жарылқасова, Рауан Қайруллаева, Жұлдыз Қайыпова.

A+A Idea Fabric продюсерлік орталығы – “Kazakhstan қонақжай үй” XXII қысқы Олимпиада ойындарының” (Сочи -2014) салтанатты ашылуы мен безендірілуін, Париждегі Алматы қаласының мәдениеті күндерін (2016), 28-ші Халықаралық қысқы Универсиаданың (Алматы – 2017) ашылу және жабылу салтанатын, “Наурыз” халық мерекесіне арналған “Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел!” мюзиклін (2018), Жыл сайын өтетін “Star of Asia”  (2017-2019) Халықаралық Музыка Фестивалін және тағы басқа көптеген шараларды ұйымдастырып,  өткізген. Билеттерді М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының кассаларынан сатып алуға болады.

Kaz.tengrinews.kz

https://vk.com/video-65061527_456239651