Эрнст “Голос.Дети” шоуының жеңімпазын жариялады

“Голос.Дети” шоуының алтыншы маусымының финалистері түгелдей жеңімпаз атанды. Бұл туралы жобаның арнайы шығарылымы кезінде Бірінші арна бас директоры Константин Эрнст айтты.

Біз Talpa компаниясымен, осы форматты ойлап тапқан адамдармен, барлық нұсқаны қарастырдық. Осы жағдайда қайтадан дауыс беруді өткізе алмайтынымызды түсіндік. “Голос” тарихындағы ең мықты финалдың ерекше болғанын айта келе, Ержан Максим, Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер және Микелла Абрамова жобаның жеңімпазы атанды”, – деді Эрнст.

“Жеңімпаз ретінде статуэтканы қазақстандық Ержан Максим алды. “Ержан, енді сен Бірінші арнада ештеңе сатылмайтынын білесің”, – деді Константин Эрнст.

Әрбір финалист бір миллион рубльден (5,8 миллион теңге) алды.

“Соңында мынаны айтқым келеді: “Голос” – болады. “Голос” әрқашанда әділ болып қала береді. Танымал ертегідегідей ешқандай таныс пен ешқандай ақша көмектеспейді. “Голос” шоуында бүкіл елге талантыңды дәлелдеу арқылы жеңіске жетуге болады. Жаңа маусымда көріскенше”, – деді Эрнст.

kaz.tengrinews.kz