Мектеп бағдарламасына «Абайтану» оқулығы енгізіледі

Мектеп бағдарламасына «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясы енгізіледі. Бұл туралы жақында ашылған «Abai tv» телеарнасының «Сарасөз» бағдарламасына сұхбат берген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлім етті.

«Қазіргі уақытта ол әзірленіп жатыр. Мұнан өзге, Абайдың ғылыми-зертеу орталығы ашылмақ», – деді Қырымбек Көшербаев. Мемлекеттік хатшымен болған сұхбаттың толық нұсқасын 10 тамыз – Абай күнінде «Qazaqstan» және «Abai tv» телеарналарынан көре аласыздар.