Мұғалімдердің құқығын бұзған ата-аналар жазаланады – Аймағамбетов

Білім министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдердің құқығын бұзғандар “аяусыз жазаланатынын” айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым саласының педагогтері мен қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында Асхат Аймағамбетов бұған дейін мұғалімдерді өздеріне тән емес функциялар мен қағазбастылықтан босату туралы бұйрыққа қол қойғанын атап өтті.

Мұғалім күнделікті тек екі құжатты толтыруы керек, қалғандарынан барлық әріптесімізді босаттық. Осы бұйрықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Есеп беру колледж, университет және балабақшаларда да күрт төмендейді. Ондаған бұйрық алынып тасталды және біз бұл жұмысты жалғастырамыз”, – деді білім министрі.

Аймағамбетов бұл ережені бұзушылар “аяусыз жазаланатынын” айтты.

“Қысқа уақыт ішінде 30-ға жуық басшы әкімшілік немесе тәртіптік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, мұғалімдердің құқығын бұзғаны үшін ата-аналарды немесе басқа да заңды өкілдерді жауапқа тартамыз. Бұл жұмыс жалғасады”, – деді ол.