Онлайн оқытуға тыйым салу туралы ата-аналардың петициясына қатысты министрлік түсінік берді

Білім министрлігі бүгін Қазақстандағы оқушылардың ата-аналары онлайн-білімге қарсылық білдіріп, қол қойған петицияға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

– Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушылары мектептерде ата-аналарының қалауы бойынша күндіз оқиды және шағын жинақы мектепте 2 969 оқушыға мектепте оқуға рұқсат етілген. Санитарлық дәрігерлер дәстүрлі оқыту форматына біртіндеп көшуге болатындығы туралы шешім қабылдап, оны хабарлағаннан кейін ғана біз бұл процесті қолға аламыз. Ол бойынша әр мектептің әкімшілігі тиісті кесте жасайды. Біз барлық ақпараттан балалар мен ата-аналарды алдын ала хабардар етіп отыратын боламыз, – деді министрліктің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.

Айта кетсек, қазақстандық ата-аналар Citizensengo.org платформасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің атына петиция жариялады, онда мектеп оқушыларға онлайн режимінде білім беруді тоқтату талап етті.

– Біз, Қазақстан мемлекетіндегі балалардың ата-аналарымыз және біз балаларымызды электронды тәсілмен оқытуға мүлдем қарсымыз. Электронды білім беру жүйесіндегі қазіргі формат балаларымызға – олардың денсаулығына, психикасына, ақыл-ойына, әлеуметтік бейімделуі және әлемді қабылдауы үшін қауіпті деп санаймыз. Ұлтты бұзу және деградация процесі жүріп жатыр! – делінген петицияда.

Сонымен қатар, ата-аналар цифрлық форматта оқушылардың денсаулығын сақтау стратегиясын әзірлеу қажет деп санайды және қашықтықтан оқытуды заңдастыру бойынша дөңгелек үстелдер, қоғамдық тыңдаулар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамалары бойынша пікірталастар ұйымдастыруды ұсынды. Талқылауға ата-аналар қауымдастығы мен сарапшылар қауымдастығының кеңінен қатысуын қамтамасыз ету керек