Пітір-садақадан түскен ақша қайда жұмсалады — ҚМБД жауабы

Биылғы Рамазан айында жиналатын пітір-садақадан түскен қаражат қайда жұмсалады?

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы жауап берді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Жуырда еліміздің Бас мүфтиіСерікбай қажы Оразмұсылман қауымға үлкен үндеу жариялады. Үндеудіңнегізгі мәтініжақсылықтан жарысайық. Расындада, Рамазан –қайырымдылық пен жақсылықтың үлкенмерекесі. Әрбір жасалған жақсылық бірнеше есесауап болып жазылады. Біздің мешіттің Ақылдастаралқалары Рамазан айының алдында кәсіп иелерінедүкен иелеріне өтініш жасады. Қасиетті айда арақ-шарап сатылмаса, дүкен сөрелерінен алыныптасталса, азық-түліктерге 10 пайыз жеңілдік жасалса, қоғамдық көліктерде жеңілдік жасалса деген ұрантастадық. Бұған құлақ асып жатқандар бар. ЖуырдаӘзірет Сұлтан мешітінің жанынан арнайы қоғамдықкөліктердің тегін тасымалдау жүйесін енгіздік. Әсіресе, кешкі тарауық намазынан кейін үлкенақсақалдардың, апаларымыздың қоғамдық көлікпенүйіне тегін жетуіне мүмкіндік бар», — деді ол.

Ағабек Қонарбайұлының айтуына қарағанда, биылғыРамазан айының негізгі үндеуікөпбалалыотбасыларға көмек беру.

«Діни басқарма бір жылдың көлемінде 15 отбасығаүйлердің кілтін табыстады. Көпбалалы отбасылардыңпәтер мәселесін шешіп беруді жер-жерден сұрапжатырмыз. Үндеуімізді қабыл алған кәсіпкерлерхабарласып, көмек беру ниеттерін білдіруде. Биылпітір-садақаның көлемі — 300 теңге. Оны бидайбағасының ең төменгі нарығымен есептедік. Егерқалталы азаматтар болса, құрманың, ұнныңбағасымен беруге болады. Бұлең төменгімөлшерлеме. Жан басына шаққанда 300 теңгеденбереміз. Осы пітір садақаның есебінен мұқтажкісілерге көмектессек дейміз. Мешіттердің жанынанарнай комиссия құрылады. Сол комиссиялардыңшешімімен мұқтаж жандарға пітір-садақаныңесебінен көмек көрсетіледі», — дейді ҚМБД баспасөзхатшысы.

Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, пітір-садақадантүскен қаражатқа көпбалалы отбасыларға, жетімдерге, қараусыз қарияларға, асыраушысы жоқ азаматтарғақолдау көрсетіледі.

«Әрбір әкімдіктің жанында тізім бар. Сол тізімбойынша біз мұқтаж жандардың үйіне қажеттізаттарды немесе қаражатты табыстаймыз. Соныменқатар, ол қаржы мешіттердің коммуналдықшығындарына жұмсалады», — дейді ол.