Қадір түнін қалай қарсы алу керек?

ҚМДБ қасиетті Қадір түнін қалай қарсы алу керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kzsputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түнге түсіп отыр. Бұл түн Рамазан айындағы ең қасиетті мүбәрак түн болып саналады. Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар.

“Бұл түн мың айдан да қадірлі. 1 түн отырып, 83 жыл 4 ай құлшылылық жасағандай сауап аласыз. Бұл – бір адамның өмірімен пара-пар уақыт”, – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы.