Қара шаңырақта қарқынды жұмыстар жалғасуда

Қазақтың қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен шығатын екі журнал  әлемнің үздік ғылыми басылымдарының қатарына енді. Әрине  бұл  үлкен  жетістік. Енді осы жөнінде  аз-кем  тоқталайық.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары санаттағы интеллектуальдық әлеуеті мол ғылым қызметкерлері табысты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын  жүргізіп келеді.  Олардың қатарында  26 ҚР ҰҒА академик, 57 ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 502 ғылым докторы, 874 астам ғылым кандидаты,  313 PhD докторы бар. Осыдан-ақ  бұл  қара шаңырақта үлкен  ғылым  ордасы  қалыптасқанын  көруге  болады.

Мәселен, Scopus деректер базасындағы өткен жылғы мәліметтерге  назар аударсақ, Қазақстан ғалымдары 14 613 ғылыми мақалалар  жариялапты. Сондағы 3 056 мақала, яғни 21%-і университет ғалымдарының үлесіне тисілі екен.

2018 жылы білім саласы бойынша сараланған дереккөзге (Field-Weighted Citation Impact) сүйенер болсақ,  аталмыш білім Ордасы 2018  жылы 1,01% -ға дейін өскен. Ал  өткен  жылдардағы  көрсеткіш  яғни   2016 жылы 0,54 %,  2017 жылы 0,8 %  деңгейінде  болған  еді.

Бұл – университет ғалымдарының ғылыми жұмыстары әлемдік деңгейге сай екенін көрсетеді. Сондай-ақ, 2017 жылғымен салыстырғанда 1,4% -дан 1,7%-ға дейін өсті.

Scopus деректер базасы бойынша университеттің қызметкерлері мен ПОҚ Хирша жиынтық индексі ағымдағы сәттегі жағдай бойынша 1 090 құрады. Хирша нольдік индексі бар университет ғалымдарының саны 359, университет қызметкерлері мен ПОҚ шетелдік рейтингтік басылымдарда жариялауға қайта бағыт-бағдар  бергенін  көрсетеді.

2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және бас редакторы академик Ғ. М. Мұтановтың басшылығымен  шығатын  “ҚР ҰҒА хабаршысы. Физика-математикалық сериясы”  журналы   Web of Science Core Collection платформасында Emerging Sources Citation Index мәліметтер базасына енгізілді. Сондай-ақ осы деректер базасына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің International Journal of Biology and Chemistry журналы іріктеліп алынды.  Университеттен шығатын екі журналдың     әлемнің үздік ғылыми басылымдарын индексіндегі беделді халықаралық дерекқорға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың интернационалдандыру және зерттеу университетін қалыптастыру бағытыны бойынша енгізілді.  Соңғы  5 жылда “Web of Science” халықаралық деректер базасында индекстелетін нөлдік импакторлы рейтингтік басылымдарда жарияланған мақалалар саны бойынша Қазақстанның ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынды иеленді.  Қазақстанда алғаш рет өткен “Scopus Award 2018” сыйлығын тапсыру рәсімі аясында әл-Фараби “High Performance Award”номинациясының иегері атанды. Әлемдегі ең ірі ғылыми өлшем бірліктері бойынша  деректер қорының бұл танылуы кездейсоқ емес, қазақстандық авторлардың жоғары рейтингті ғылыми басылымдардағы әрбір бесінші жарияланымы – университет  ғалымдарының үлесі.

ҚР ҰҒА академигі Т. Рамазанов “Жыл зерттеушісі” сыйлығының лауреаты, профессор Қ. Жұмағұлова – “Ғылымдағы әйел”, Жану проблемалары институтының директоры З. Мансуров – “Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік зерттеуші”, Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығының директоры Б. Кеңесов және Постдокторант М.Әлімжанова – “Аграрлық ғылымдар саласындағы үздік зерттеуші”, постдокторант А.Керимрай – “Best Scopus Journey”, профессор С.Т. Нұртазин – “медициналық-биологиялық ғылымдар саласындағы үздік зерттеуші” номинацияларының иегерлері атанды.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті   әлемдік рейтингтерде ілгерілеуіне ықпал ететін Al-Farabi University smart city жобасын табысты жүзеге асыруда.  Университет ректоры, академик Ғ.Мұтановтың жаңа буындағы университет үлгісін қалыптастыру тәжірибесі туралы баяндамасы жанды қызығушылық тудырды.  Төртінші буын университетінің моделі халықаралық тәжірибе негізінде жасалған және жоғары технологиялық әрі рухани-адамгершілік платформалардың симбиозына негізделген. Ол жас ұрпақтың әлемнің азаматтары ретінде ізгілікті және тұрақты қоғам құруда әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.  Бұл модель ҚазҰУ-да «әл-Фараби – Smart City» жобасы арқылы іс жүзінде көрініс табуда.

Аталған стратегиялық бағытты іске асыруда университеттің 16 факультететінің 8 ғылыми-зерттеу институттарынан, оның ішінде физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығынан, ғылыми-технологиялық парктен, ашық үлгідегі ұлттық нанотехнологиялық зертханадан, 6 институттан және 18 әлеуеттік-гуманитарлық бейіндегі ғылыми-зерттеу орталықтарының  жобалары сәтті жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, “Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті” бағдарламасы бойынша 3 ғылыми-зерттеу орталығының және Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” бағдарламалық мақаласынан тұратын қазіргі заманғы ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген  2 ғылыми-зерттеу орталығы және 1 жаратылыстану-ғылыми бейіндегі зертханасы  кластерлік тәсіл негізінде “идеяны генерациялаудан оны коммерцияландыруға дейін” тиімді технологиялық дәліз құрылған.

Қазіргі таңда Университет дамуының басым бағыттары бойынша ERASMUS+ бірлескен ғылыми зерттеулер,  “Japan Foundation”, One Asia Foundation  Халықаралық бағдарламалары, “Ньютон – Әл-Фараби” Серіктестік бағдарламасы, Қытай Ғылым академиясының бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ Дүниежүзілік банк, НАТО, ҚР Еуропалық Комиссиясының Өкілдігі, Ислам Даму Банкі, Корея Республикасы академиясының және басқа да жетекші шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтардың гранттарының нәтижелері  табысты ғылыми ынтымақтастығының үлгісі болып отырғаны айқын.

 

Рүстемова,  B.Цыганова,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушылары