Қарағұсова қазаққа ой тастады

Гүлжан Қарағұсова, Мәжіліс депутаты:
– Зачем выгонять? Надо строить дома, куда мы в старости пойдем. Это не дома престарелых. Это наши личные кооперативы. Построим, чтобы детям не мешать – уйдем жить на свои доходы.

Бұл отбасын бүлдіру ме әлде жаңа табыс көзін іздестіру ме? Енді байлар қарттарға аранйы жатақханалар салуы әбден мүмкін…

Ренжімеңіздерші…Зейнет жасындағы депутаттар тезірек кооперативке барыңыздаршы?

Күні кеше ғана Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова бюджетке түзетулер топтамасын талқылау барысында балаларға кедергі жасамау үшін қарт ата-аналарға кооперативтік үй салу жайлы әңгіме қозғаған болатын.
«Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев сол кооперативке Қарағұсова секілді кәрі депутаттардың өзін жіберуді ұсынды.
«Несіне күтеміз? Мәжіліс және Сенаттың кәрі-құртаң депутаттары, күні ертең жұмыстан шыға сала кооперативтік үйге кетіңдер. Міне сол кезде мемлекет үшін пайдалы нәрсе болады. Ешкім де байқамай қалады сіздердің кетіп қалғандарыңызды», – деп жазды Шораев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, Қарағұсованың бұл сөзі желіде қыз талқыланып, көпшіліктің ашуына тиген болатын.


Жолдасбек Дуанабайдың Фейсбуктағы  парақшасынан