“Қазақ хандығы. Алмас қылыш” фильмі “Оскар” жүлдесіне ұсынылды

Әлемдік БАҚ Қазақстан атынан “Оскар-2020” жүлдесінің “Шетел тіліндегі үздік фильм” (“Үздік халықаралық көркем фильм/International Feature Film”) номинациясына қандай кино қатысатынын хабарлады деп жазады Zakon.kz

 Кино әлеміндегі беделді Hollywood Reporter америкалық басылымының жазуынша, Қазақстан “Қазақ хандығы. Алтын тақ” тарихи фильмін ұсынған.

Бұл “Қазақ хандығы. Алмас қылыш” киноэпопеясының жалғасы, телехикаяның кино нұсқасы. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінң тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясы “Centaurus Rustem Abdrashev production”компаниясымен бірігіп, режиссер Рүстем Әбдірашев түсірген.

“Оскар” жүлдесіне үміткер фильм ортағасырлық хандық дәуірінде қазақ ұлтының пайда болуы туралы баяндайтын эпикалық телехикаяның екінші бөлімі. Қазақстан Рүстем Әбдірашевтің қазақ халқының негізін қалаудың эпикалық тарихын баяндайтын хикаяның соңғы бөлімін ұсынды.

Басылым фильмнің сюжетін “XV ғасырда Қазақ хандығындағы тақтар таласы” деп атаған. Фильмде Сығанақ қаласы мен билік үшін Жәнібек пен Керей хандардың және олардың ұлдары Қасым мен Бұрындықтың Әбілхайыр Шайбани ұрпақтарымен шайқасқан тарихы қозғалған.

Кинотуындыда танымал билеушілерден бөлек басқа да тарихи тұлғалар бар: Қобыланды батыр, Рәбия Сұлтан Бегім, Ұлықбектің қызы және тағы басқалары.

Тарихи телехикаяның екінші маусымының сценарийін жазуға бірінші бөлімнің авторларыТимур Жақсылықов, Смағұл Елубай және Рүстем Әбдірашев қатысқан. Фильм Ілияс ЕсенберлинніңАлмас қылышроманы желісімен түсірілген. Жоба идеясының авторыҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Туында прокатқа 2019 жылдың наурызында шыққан.