“Қазақ поэзиясының інжу-маржандары” антологиясы жарық көрді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық кітапханада “Қазақ поэзиясының інжу-маржандары” антологиясының таныстырылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Поэзия антологиясы “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің тікелей қолдауымен жарыққа шығып отыр.

Аталған топтамаға 13 ақынның шығармалары енген. Олар: Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов және Мұхтар Шаханов.

Мемлекет басшысының бастамасымен көрнекті ақындарымыздың шығармаларынан құрастырылған мұндай топтамаларды жарыққа шығару ісі алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли аталмыш жиында тоқталып өтті.