
«Қазақфильм» киностудиясы «Жол жоқ» /«No Exit» жобасы шеңберінде АҚШ-тың белді кинокомпаниясымен бірлесіп телевизиялық сериал түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі. «Жол жоқ» көркем фильмі Қазақстанда фэнтези/хоррор жанрында түсірілген. Бұл картинаны шығаруда түрлі ұлт өкілдерінен құралған продюсерлер, атап айтсақ, америкалық Сара Луиз Уилсон, халықаралық кәсіпқой маман Дарио Кирола, сондай-ақ отандық Айгүл Сыдықова жұмыс істеді. Сондай-ақ Сара Уилсон бұл жобада режиссер әрі сценарий авторы болды, ал отандасымыз Сыдықова болса фильмде басты кейіпкердің рөлін сомдады. Фильмді қазақстандық ActionLab атты тәуілсіз арт-студиясы және ливандық Littletree Films атты тәуелсіз компаниялары бірлесіп түсірген. Бұл фильм жақында ғана Калифорниядада өткен Mammoth Lakes Film Festival фестивалінде үш бірдей жүлдеге ие болды: көрермендер көзайымы жүлдесі, Үздік шетелдік баяндайтын фильм үшін құрметті сыйлығы және Panavision Award жүлдесі. Кинотуынды Данияр есімді жас жігіттің өмірі туралы баяндайды. Біраз уақыт өткен соң туған қаласына оралған жігіт барлық жергілікті тұрғындардың өзгергенін байқайды. Тіпті өзінің анасы оны күнде сүт ішуге мәжбүрлейді, ал інісі болса өлім аузында жатыр екен. Сара Луиз Уилсон америкалық сценарист, режиссер әрі продюсер. Сондай-ақ ол бірнеше фильмдерге түскен. Мысалы, «Джелли» атты романтикалық комедияда ол басты рөлді сомдаған(Наташа Лионн және Эд Макмахонмен бірге). Уилсон бұлфильмнің сценарийін де жазған. Одан бөлек ол біразуақыт Қазақстанда тұрып, ActionLab арт-студиясындарежиссерлік шеберліктен дәріс берген. – «Жол жоқ» фильмінде мен қадамдарын енді басқан жас қазақстандықактерлермен жұмыс істедім, олар менің студенттерімболған, – деді Уилсон. «Қазақфильм» киностудиясы «Жолжоқ» фильмінің басты тақырыбын дамытып, халықаралықтабысты жоба етіп, телевизиялық сериал түсіруды көздепотыр.
. inform.kz