Қазақстанда «көрісу» күні басталып кетті

Бүгін Қазақстанның батыс өңірі «көрісу» күнін тойлауда. Көрісу күні немесе Амал мерекесі – атадан мұра болып қалған, көнеден келе жатқан дәстүр. Бұл күні батыс халқы туған-туыс, құдайы көршімен көрісіп, бір-бірін жаңа жылдың басталуымен құттықтайды.

Наурыз – күллі қазақ халқы көптен күтетін мереке. Қазақта жыл басы 22-наурыз күні, яғни, күн мен түн теңелген күннен бастау алады.

Дегенмен Қазақстанның өзге өңірлері жыл басын 14 наурыздан бастап тойлайды. Бұл күні адамдар бірбірінің үйіне барып, қол алысып амандасады.

Әсіресе жасы кішілері ақсақалдар мен ақжаулықты әжелердің үйіне барып, амандасып шығуы керек. Көріскен кезде міндетті түрдеЖасың құтты болсын!”, «Бір жасыңмен!» деп айтады. Кемінде үш шаңырақтың босағасын аттаған дұрыс деген сенім бар.

Дәстүрге сай көрісу күні адамдар қыстан аман-есен шығып, бірін-бірі жаңа жылдың басталуымен құттықтайды.

14 наурыз күні жайылған дастархан жиылмайды. Ұлттық тағамдар дайындалып, наурыз көже пісіріледі.

Амал мерекесінде көріскен ер адамдар төс қағыстырып, әйелдер құшақтасып, бірбірінің бетінен сүйеді.

Айтулы мереке Батыс Қазақстан, Атырау мен Ақтөбе облыстарында кең тараған. Дегенмен, соңғы жылдары көрісу күні Қазақстанның өзге де өңірлерінде тойланып келеді.

Бұл күншаттық пен қуаныштың, молшылықтың күні. Өкперенішті ұмытып, қателіктерді кешіретін кез.

Көрісу күнімен бірге әрбір үйдің шаңырағына құт-береке қонады. Сол себепті ашық-жарқын, жайдары көңіл күймен жүрген абзал.