Қазақстанда тағы бір мереке күні пайда болды

“Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Үкіметінің ресми сайтында жарияланған “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысында:

1. “Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

“22-1. Абай күні – 10 тамыз”.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Биыл – ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы.