Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік күндердің тізбесін Абай күнімен толықтырған жоба қаулысын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулы авторлары Қазақстанда 10 тамыз күні Абай күнін атап өтуді ұсынды. Жоба 2020 жылдың 13 шілдесіне дейін талқылауға түседі.

Жоба “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” Заңның 4 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың 2020 жылғы 21 мамырдағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Мына жерде талқыға қатысуға болады.

Еске салайық, 2020 жылы Қазақстанда ұлы ақынның 175 жылдығы атап өтіледі.