Топқайыңда Қалихан Ысқақтың кеуде мүсіні қойылды

Қаратайдың ұрпағымыз деп мақтанатын Катонқарағайлықтар үшін бір күнде қос қуаныш бірі Қаратай батырға арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылса, енді бірі сол күні Топқайың ауылында Қалихан Ысқақтың кеуде мүсіні қойылды.

80 жылдық мерейтойына орай, мектеп ішінде жазушыға арналып мұражай да ашылды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Қалихан Ысқақтың туған жері Шығыс Қазақстан облысындағы Топқайың елді мекені. Түтіні түзу шығып, халқы бейбіт күн кешкен шағын ауылда білім ошағы бар. Оқушылар білім алып, тәрбиенің бастауы болатын Топқайың мектебі енді бұдан былай жазушы Қалихан Ысқақтың есімімен аталатын болды. Яғни Қатонқарағай ауданына жиналған бір топ зиялы қауым мен Қаратайдың ұрпақтары Қалихан Ысқақтың кеуде мүсінін ашып, кітабымен мың жасайтын қаламгерге құрмет білдірді.Қазақтың қара сөзінің қас шебері «Жол басы», «Қоңыр күз» повестерімен оқырман қауымға аты шаққан қаламгер туралы баяндамалар жасалып, гүл шоқтары қойылды. Алтайды бауырына басқан жазушының мүсінін көріп шығармалары көз алдыңа келіп, ойыңа оралады. Тұп-тура бейнесін айнытпаған. Бұл туған жерінде көрсетілген құрметтің үлкені. Сондай-ақ бұл күні Қалихан Ысқақтың тұтынған заттары, құнды дүниелері жинақталған мұражай ашылып еліміздің түкпір-түкпірінен жиналғандар куә болды.“Менің араларым” (1965) мен “Бұқтырма сарынын” (1967) жазып, содан соң “Тұйық” (1975) романын , “Қараорманның” (1980) қанатын кеңге жайғызып , “Ақсу – жер жаннатына” (1989) ұластырды. Бұл шырармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған. ” Ақсу – жер жаннаты” романына 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қ. Ысқақовтың қаламынан туындаған шығармалардың қай – қайсысын алмайсың , көз алдымызға бүкіл Алтай өңірі өзінің ғажайып тұтас тұлғасымен, әсем табиғатының көрінісі тұра қалады. Жазушының үздік шығармалары орыс , украин , өзбек , татар, чех , словак , неміс тілдеріне аударылып басылуы жазушының рухани әлемінің кеңейгенін танытады. Жазушының тағы бір ерекше еңбегі классикалық аударма саласында да шоқтығы биік келеді. А. Чехов , И. Буниннің әңгіме – повестері ана тілімізде тамылжып сөйледі. Қ. Жұмаділов жерлес жазушымыздың шығармашылығына : “Алтайдың тұмса табиғатын , шулаған қара орманы мен Бұқтырманың булыққан сарынын көркем прозада бірінші рет бейнелеген – Қ. Ысқақов.”- деп жоғарғы бара берген. Қ.Ысқақов- идеялық, адамгершілік, профессионалдық кемелдікті бауырына басқан шынайы суреткер.