“ҮРКЕР – 2020” ұлттық сыйлығының иегерлері марапатталды

Нұр-Сұлтанда баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы “Үркер – 2020” ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, салтанатты жиында 11 номинация бойынша мәртебелі журналистика сыйлығының жеңімпаздары анықталды:

Жылдың үздік фотосуреті:

Сәкен Ділдахмет, Тәуелсіз экологиялық шолушы

Жылдың үздік репортажы:

Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

Михаил Козачков, “Время” газеті

Жылдың үздік сұхбаты:

Гүлбаршын Сабаева, “Egemen Qazaqstan” газеті

Жылдың үздік танымдық материалы:

Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан ақпараттық агенттігі

Радиостанциядағы үздік жоба:

“Atyray” радиостанциясындағы “Эфирде 102 FM” бағдарламасы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

TengriNews порталы

Жылдың үздік газеті:

“AQ JOL” газеті

Жылдың үздік журналы:

“Жұлдыз” журналы

Шерхан Мұртаза атындағы Номинация:

Қайнар Олжай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист

Барлық финалистерге Жеңімпаз сертификаты, “Үркер” естелік мүсіні және бір миллион теңге ақшалай сый табысталды.

Көрермендер марапаттау рәсімін тікелей эфирде urker-awards.kz ресми сайтынан көруге мүмкіндік алды.

“Үркер” ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бастап, биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазанынан 5 қарашасына дейін қабылданды. Жалпы, қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстар әділқазылар мүшелерімен таңдалды, олардың құрамына беделді қайраткерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және танымал қазақстандық журналистер кірді.

Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Іс-шараға “Қазақстан” РТРК мен “Хабар” Агенттігі” АҚ демеушілік жасады.