«Үркер» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

25 мамырдан бастап«Үркер-2019» ұлттық сыйлығына қатысу үшінөтінімдерді қабылдау басталды

Өтінімдер 2019 жылдың 25 мамыры мен 20 маусымы аралығында www.urker-awards.kz ресмисайтында орналастырылған үлгіге сәйкесқабылданады.

Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшінберіледі. Сонымен қатар, аталған сыйлықөңірлердегі мультимедиялық журналистиканыдамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесінарттыру, кәсіби стандарттар мен критерийлердібекіту, қоғамның азаматтық белсенділігінарттыруға бағытталған.

Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсатыталанттыжурналистер мен шығармашылық ұжымдардыанықтау, олардың кәсіби журналистиканыдамытуға қосқан үлестерін тану жәнешығармашылықтарына қоғамның назарынкеңінен аудару.

Сыйлықтың құрылтайшысы жәнеұйымдастырушысыҚазақстанРеспубликасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

2019 жылы өтініштер келесідей номинацияларбойынша қабылданады:

1) Жыл фотографиясы;

2) Жыл репортажы;

3) Жыл аналитикалық материалы;

4) Жыл журналистік зерттеуі;

5) Жыл сұхбаты;

6) Қазақстан туралы жылдың танымдықматериалы;

7) Жыл радиостанциясы;

8) Жыл ақпараттық порталы;

9) Жыл газеті;

10) Жыл журналы;

11) Жыл new media (telegram-канал, әлеуметтікжелілердегі үздік ақпараттық паблик).

Осы жылы дәстүрлі номинациялардан бөлек, «Жыл new media» номинациясы тағайындалыпотыр. Бұл номинацияға қатысу үшін өтінімдітанымал ақпараттық telegram-каналдар жәнеәлеуметтік желілердегі белсенді топтар мен пабликтер бере алады.

Үздіктерді арнайы құрылған комиссия айқындайтын болады. Комиссия құрамынаеліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлесқосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді. Жеңімпаздарға 1 000 000 теңге және сыйлықтыңарнайы естелік мүсіншесі табысталады.

Естеріңізге сала кетейік, баспа, радио жәнеинтернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы 2017 жылы тағайындалған. Екіжыл ішінде еліміздегі белді басылымдар, интернет-порталдар мен журналистерге жалпысаны 26 сыйлық табысталды. Олардың ішіндеақпараттық агенттіктер, өз оқырманықалыптасқан тақырыптық басылымдар да болды.

Барлық сұрақтар бойынша Ұйымдастырукомитетінің телефоны: +7 (7172) 79-82-15.