XVI Еуразия Медиа Форумына тіркелу басталды

22 – 24 мамыр аралығында Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақ үйінде он алтыншы Еуразия Медиа Форумы өз жұмысын бастайды. 2002 жылдан бері тиімді халықаралық коммуникация алаңына айналған Медиа форумға әлемнің 60 елінен 500-ден астам де-легат жинады.

XVI Еуразия Медиа Форумы “Бүгінгі әлем: шындық трансформа-циясы?” атауымен өтеді.

Конференцияда әлемдік және өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәсе-лелер көтерілмекші. Күн тәртібінде: жаһандануға қарсы процестер, тұтыну дағдарысының тереңдеуі, халықаралық құқық және жасанды ақылойды пайдаланумен байланысты сынқатер талқыланады.

Сондай-ақ, Форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар – цифрлық әлемдегі журналистиканың болашағы мен блогсфера ықпалының артуын тілге тиек етеді.

Орталық Азиядағы көшбасшы әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Еуразия Медиа Форумының (ЕАМФ) басты мақсаты – саясаткерлер, журна-листер мен сарапшылардың Қазақстан, Еуразия және дүниежүзілік қауымдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуымен байланысты өткір мәселелерді талқылауға жағдай жасау.

Форум құрылған уақыттан бері Қазақстанға 6000-нан астам шетелдік өкіл қатысты. Олардың арасында саясаткерлер, экономистер, саясат-танушылар, Нобель сыйлығының иегерлері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлер бар.

Форумда әр жылдарында Ислам республикасының бұрынғы президенті Иран Мұхаммед Хатами, Ауғанстанның 12-ші президенті Хамид Карзай, америкалық дипломаттар Ричард Холбрук пен Ричард Перл, АҚШ-тың бұрынғы конгресмені, Демократтардың басқару кеңесінің төрағасы Харольд Форд, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро, Грекияның бұрынғы туризм министрі және парламент мүшесі Ольга Кефалоянни, британ футурологы Рэй Хаммонд, танымал журна-листер Владимир Познер, Максим Шевченко, Михаил Леонтьев, Софико Шеварднадзе, Питер Лавель, Пола Слиер, Стивен Коул, Ник Гоуинг, Ксения Собчак, ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің жетекшілері Ви-талий Игнатенко и Михаил Гусман, жазушы Шыңғыс Айтматов, НАТО біріккен күштерінің бұрынғы жоғарғы бас қолбасшысы Уэсли Кларк, РФ үкіметінің бұрынғы төрағасы Евгений Примаков, ҰҚШҰ бас хатшысы Ни-колай Бордюжа, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұ-рынғы кеңесшісі Збигнев Бзежинский, ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жө-ніндегі өкілі Арлем Дезир, VICE News Tonight шетелдік бөлімшесінің НВО кабельдік және спутниктік тележелісі жаңалықтар шығарылымы-ның басшысы Норин Жамиль, америкалық саяси технолог, Барак Оба-маның қос бірдей президенттік сайлау науқанында негізгі кеңесішісі болған Роджер Фиск, ВВС телеарнасының жаңалықтар редакторы, “Эмми” сыйлығының иегері Гэвин Хьюитт, продюсер, режиссер, “Оскар” сыйлығының номинанты Евгений Афинеевский сынды спикер-лер болды.

Іс-шараның кең ауқымы мен халықаралық деңгейі еліміздің жаһандық ақпарат кеңістігіне енуіне бағытталған міндеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Форумның тиімді атқарған жұмысының арқасында еліміз бе-делді сарапшылар, әлемдік БАҚ, қоғамдық пікір көшбасшылары деңге-йінде халықаралық қауымдастықта танылды.

Сонымен қатар, жалпы, форумды өткізу идеясы жетекші халықаралық медиа саласында едәуір қолдау тапты. Айталық, ЕАМФ жұмысына Euronews, CNN, BBC, Associated Press Television News, Reuters, Bloomberg, New York Times, Al Jazeera English, ИТАР-ТАСС, “Новости” РАА, РБК, Russia Today, Бірінші арна, “Жихан” ақпарат агенттіктрін қос-қанда, әлемдегі 1500-ден астам беделді БАҚ өкілдері атсалысуда.

XVI Еуразия Медиа Форумының бас серіктес – “Самұрық-Қазына” ак-ционерлік қоғамы.

Тіркеу 15 мамырға дейін ресми сайттақолжетімді. Орын саны шектеулі.

 

zakon.kz