Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің құрылысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомаот Тоқаевтың тапсырмасы орындалып жатыр, деп жазды бүгін өзінің Facebook парақшасында Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғали.
«Үкімет пен демеушілердің қолдауымен Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің құрылысы басталып кетті. Кешенде Жошының ұрпақтарына, Ұлық Ұлыс, Алтынорда, Қазақ хандығына арналған экспозициялық зал және шағын асхана мен қонақ үй салу жоспарланған. Сонымен қатар, Алаша хан, Жошы хан мазарларына реставрация жұмыстары басталып, апаратын арнайы жол құрылысы жүргізіледі. Құдай қаласа, күзде Кешеннің есігі ашылуы күтілуде»,-деп жазды Берік Әбдіғали.