Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: Тарихқа қиянат жасауға болмайды

Қабдеш аға, бір сөзіңізде кеңес заманындағыақын-жазушыларды «қапастағы бұлбұлдар» депатап едіңіз. Ол түсінікті. Сол дәуірдің қаламгерлерібелгілі шеңберден шыға алмады, сол кезеңдіжырлады, жазды. Ал қазір заман басқа. Бұлкезеңдегі әдебиет саласында жүргендерді не деп атаредіңіз?

– Мен осыдан он бес -жиырма жыл бұрын, марқұм болып кеткен белгілі ақын Қапан Сатыбадинніңтуғанына 80 жыл толуына байланысты «Қапастағыбұлбұлдар» деген мақала жаздым. Ол жеке Қапан емес, Қапанның замандастарына, қаламдастарына, әріптестеріне арналған еді. Егер бүгінгі көзбенқарайтын болсақ, сол Қапан да ойындағысын ашық айтаалмай кеткен ақын. Қапанның қаламдастары да солкездегі өте мықты таланттары ақындар еді. Мәселен,Ғали Орманов, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев тағы да басқалары. Бірінен-бірі өтетін дарынды жандар-тұғын. Алайда бұлардың бәрі айтарын көңілдерінеіркіп, ашық айта алмады. Алайда солардың ішіндеқапасты бұзып шығып, емін-еркін ойындағысын аз даболса сыртқа шығара алған дауылпаз ақын ҚасымАманжолов қана. Өзгелерге қарағанда артына көбірекмұра қалдырды. Әр уақытта өлмейтін жырлар жазыпкетті. Ол көлгірсімей, мәнсәпқа қарамай турасын айтқан ақын. Әттең, кең дүние, жарқын заман болғанда сол ақындардың бәрі көл-көсір еңбек қалдырар еді ғой,артына. Бірақ қапас замнның белгілеп бергеншеңберінен шыға алмады. Мен сол «Қапастағыбұлбұлдар» деген мақалама ұлы жырау Жамбылда дақостым. Неге? Әрине себебі бар. Мысалы, Жәкең 36-шы жылы ғана танылған  ғой. Содан дүниеден өткен1945-ші жылға дейін арадағы 10 жыл да оған төрт-бесақын кезек-кезек хатшы болды. Атайтын болсақ, Қасым Тоғзақов, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев, ең  соңында Ғали Орманов. Бұларды неге жіберіп отыр,ұлы жырауға? Әрине өлең өндіру үшін. Өлең дегенде Жәкеңе арнап жоспар жасалған. Мен ЦК-ның ахривінен бір құжатты көрдім. 1938 жылы Орталық комитеттіңүгіт насихат бөлімінде «Жамбыл биыл қандай өлеңдержазу керек?» деген тізім жасалыпты. Оның ішінде «Сталиндік бес жылдықтар, Челюскеншілер, Шота Руставлидің 750 жылдығы» секілді көптеген тақырыптар белгіленген. Әрине Челюскеншілерді, Руставлиді Жәкең білмеу мүмкін. Алайда жанындағыхатшылар соны түсіндіріп, осыларға арнап өлеңшығаруын талап етіп отырған. Міне, ұлы жырауЖәкеңде де еркін болмаған. Оғанда көкейіндегісінжырлата бермей, тапсырыспен өлең шығарудыміндеттеген. Бұл не? Әрине қапастағы жырау-бұлбұл деген осы. Мен осы тұрғыдан айтып едім. Ол кезде бәріқадағалауда болды. Ал бұғауды бұзып-жарып шығам деушілер болса, жазасын алды. Жазғандары жойылды.                                                                      Солай бола тұрсада сол бір дәуірде қазақ әдебиеті керемет шоқтығы биікдүниелерді бере алды. Оған ешкм дау айтпас. Рас, олтұста жазушыларға партия жаман қараған жоқ.Жағдайын жасады, үйін берді, қомақты қаламақы төледі. Қара теңіз бе, Балтық теңізі ме, әлде Мәскеутүбіндегі демалыс орны ма, сондай жерлерге жіберіпотырды. Бір қарасаң бәрі жақсы. Бірақ шылбырды үзіпкететіндей еркіндік бермеді. Жазған дүниеңді лупамен қарады, сүзгіден өткізді. Сол себепті жазушылардыңбәрі советтік иделогияға дем беретін, мадақтайтыншығармалар жазуға мәжбүр болды. Бірақ жазушылардың бәрі кеңестік дәуірдің жасампазтұрмысын жырлап кеткен жоқ. Әрине онымадақтаушыларда көп болды. Оған кем таланттаркөбірек барды. Өйткені дайын тақырып, дайын ойдегендей. Сонымен бірге халықтық тақырыпты дакөтерген адамдар болды. Мәселен, Мұхтар Әуезов,Ғабит Мүсірепов т.б. Ақындардың ішінде бөліп айтуғатұрарлығы Қасым Аманжолов, Әбділда Тәжібаевтар. Олар халықтық, ұлттық мәселелерді көтеріп отырды.Сонымен әдебиет дамыды. Ал қазіргі заманмен салыстырғанда қалай деуге болады, қазір қапасқақамап, төбеңнен қарауыл қарап тұрған ешкім жоқ. Еркіндік, сөз бостандығы, демократия дегендер бар. Солай бола тұрса да, әдебиеттің қарқыны ойдағыдайемес. Неге екені қайдам, бір іркіліс бар. Бәлкімдағдарыс деуге болатын шығар. Бір себебі, біз қадам басқан кезеңнің әлі бет-пердесі белгісіз, басы ашылмайжатыр. Немен басталғаны белгілі болғанмен, қалайаяқталатыны беймәлім. Мен кезінде бір мақаламда мына қоғамды сарқылдап қайнап жатқан қазанға теңеп  едім. «Сорпаның дәмі әлі кірмей жатыр, сол үшін қанды көбігін бір рет қалқып тастау керек, содан  кейін барып сорпаның дәмі кіреді» деп жазғанмын. Шындығысол. Жақсы дүниелер әлі туады. Тек заманның аңдысынсәл байқап алған жөн. Жағымды кейіпкер кім,жағымсызы кім? Қаһарманы кім, бұралқысы кім? Демекмадақтайтыныңды не болмаса сынайтын адамыңды қоғамнан ажыратып алуың керек емес пе? Қазірбайлардың, байлықтың заманы деп жатамыз. Сонда басгеройлар солар ма, әлде ыңаршағы шыққан қарапайым жандар ма? Осындай түрлі себептермен жазушылар іркіліске түсіп қалды.

Соңғы кезде «Көшпенділер», «Алтын Орда»,«Аласапыран», «Соңғы көш», «Тағдыр» секілді бірнемесе бірнеше дәуірді бірақ суреттейтін кесекдүниелер неге жоқ? Әлде Есенберлин, Мағауин, Жұмаділов секілді тума дарындардың қатары кемідіме?

60-шы жылдары елде бір жылымық бола қалды. Баяғы социалистік реализмнің де шеңбері кеңіп, әртүрлітақырыптарға жол ашылды. Тарихи тақырыптарғақалам таруға мүмкіндіктер туды. Сол тұста Есерберлин «Көшпенділер» деген және «Алтын орда» деген үштомдықтарды дүниеге әкелді. Ешкімнің тісі батпаған тарихқа түрен салды. Мұхтар Мағауиннің «Аласапыраны» шықты. Біраз жазушылар осы салағақалам тербеді. Сол тұста бұрынан көкіректе запыранболып тұрған дүниелер жарыққа шықты. Қадыр,Мұқағали, Жүмекен, Тұманбай бастаған көптегенталантты ақындар сол кезеңнің жемісі. Жалпыалпысыншы, жетпісінші, сексенінші жылдар қазақ әдебиетінің бір дәуірлеген заманы болды. Шоқтығыбиік дүниелер жазылды. Жұрт  ол  шығармаларды іздепжүріп оқитын болды. Қазір неге сондай ірі дүниелержоқ дейтін болсақ, оның әртүрлі себептері бар. Романжанрына жиі барғандардың көбі дүниеден өтті,қалғандары қартайды. Қартайған тұста роман жаза қоюоңай емес. Талай жылды сарп етуге тура келеді. Ал шалдарда баяғыдай көл-көсір уақыт жоқ қой. Дегенменіргелі дүние жазылмай жатыр деуге тағы болмас.Мәселен, Мұқтар Мағауин Шыңғысхан туралы төрттомдық шығарма жазды. Ал өз басыма келсем, соңғы романымды 2000 жылы жаздым. «Қылкөпір»,«Прометей алауы» деген туындылар. Осыдан кейінқабырғасы қалың романдар жазуды тоқтаттым. Біріншіден жас ұлғайды, екінші әрбір жазғаншығармаңды аяқтауың керек. Уақытың мол болуы тиіс. Кезінде қабырғалы дүние жазу үшін үш-төрт жылізденесің, сосын барып екі-үш жыл отырыпжазатынсын. Өмір ұзақ, уақыт көп сияқты көрінетін. Қазір оған мүмкіндік бар ма? Жас болса келіп қалдыдегендей. Қазір шағын жанрға көштім. Мысалы, алдымда үш-төрт кітап жатыр. Бұлардың бәрі повестер,әңгімелер. Соңғы жылдары жазылған. Бұлардың ішіндеон екі повес, қырық-елу әңгіме бар. Қысқа дүниенің біржақсысы бір демде оқып тастайсын. Уақыт көпкетпейді. Қазір баяғыдай шалқаңнан жатып алып, қалыңроман оқитын кез емес.

Жалпы қазіргі ара-тұра жарық көріп жатқантарихи шығармалардың өзегінде қаншалықтыақиқат жатыр? Қазір руына, жүзіне, басымдықберетін дүмше жазушы, тарихшылар көбейіп кеткенжоқ па? Қазақта «Тәуіптің ең жақсысы-ауруға ауру қоспай кеткені» деген сөз бар. Өйткені терісжазылған тарих болашақ ұрпақты адастырады дегендей

Тәуелсіздік алған соң, жазушыларға көп еркіндік берілді. Кім нені жазамын, қалай жазамын десе дерұқсат. Еркіндіктің екі қыры бар. Жақсы жағыда, жаманжағыда. Еркіндікті пайдаланып, әркім өз ата-бабаларын мақтап, батыр етіп, би етіп, дана етіп көрсетуге тырысқандар да жеткілікті. Олар ақша беріп, қаламыжүйрік журналистерді, жазушыларды жалдап,қойыртпақ дүниелер жасауға көшіп алды. Мағандабірнеше қалталылар келді. Бір дорба ата-басының,әулетінің суреті бар, шежіресі, анасы-мынасы бар. «Сіз тарихты жетік білетін, қаламы ұшқыр халықжаушысысыз, жазып бере қойыңыз» деп қарап тұр. Онымен қоймай «қазір жазушылар қаржыдан тарығыпжүрген заман ғой, нәпақа болады» деп үстелдің біршетіне 10-15 мың доларды тастай салысты. Ақшажақсы ғой. Бірақ келісім бермедім. Ертең ол кітаптың мұқабасында менің аты –жөнім тұрады ғой. Ұят емес пе? Халық жазушысы, кім-көрінгенің ата-бабасын жазып кетті деген сөз қандай жаман. «Ренжімеңдер, мен бүгінге дейін тапсырыспен шығарма жазып көргенжоқпын. Не жазсам да өз қалауыммен көкейімдегідүниені ақ қағазға түсірдім. Тек осындайға бейімделген жазғыштар көп қой, соларға барыңдар» деп шығарыпсалдым. Өзгелер жазсын, жазбасын демейсің. Бірақ бір әулеттің сойылын соғамын деп, халықты адастыратын дүниелерге жол беруге болмайды. Өйткені тарих өте кірпияз дүние. Болмағанды болды деп тықпалай беругеболмас. Қазір тарихта аты қалмаған белгісіз батырлар, билер жөнінде жазылған дүниелерден аяқ алып жүргізсіз заманға тап болдық. Әрине жоңғаршапқыншылығы кезінде халықтан көптеген батырларшықты. Оған дау айта алмайсын. Он басы болған шығар, жүз басы болған шығар. Бірақ бәрін бірдей қолбастады, сардар болды деп атауға болмайды. Қатталған тарихта белгілі ғой, кімдердің хан болғаны, кімдердің қайқы қылышын қолына ала сала елім, жерім деп жоңғарға тап бергені. Бәрі жұртқа мәлім. Бірақ жоқ жерден данышпан, қолбасшы, батыр жасау кімге керек?Кезінде осындай жалған тарих жасауға ұмтылғандармендауға да араластым. Онда да жеке басым үшін емес, иісіқазақтың тарихы үшін. Естеріңде болар, «Түптұқиянымнан өзіме дейін» деген кітап болды.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, яғни 1993 жылы.Қағаздың қат кезі. Мен сол кезде қазақтың атақтықолбасшысы болған Қара керей Қабанбай сардаржөнінде жазылған «Дарабоз» атты шығарманныңбірінші томын шығартумен жүргенмін. Қағаз жоқ. Әреңде дегенде кітап емес, газет басатын қағазбен әупірімдеп бес мың данамен жарық көрді. Ал іші қып-қызыл өтірікке құрылған, қазақтың тарихын бұрмалағанәлгі «Тұп-тұқянымнан  өзіме  шейін»  деген кітап үшжүз мың данамен жарық көрді.Үкіметтен үлкен қолдаукөрді. Әйтпесе ол кезде ешкім де үш жүз мың данамен шыға алмайды. Оқып жіберсем, сұмдық. Мен де«Дарабозда» сол он сегізінші ғасырда болғаноқиғаларды жазып отырмын. Қаншама дүние ақтардым,қаншама уақытты сарп етіп, мұрағатта отырдым. Мендегі оқиға басқа, әлгі кітаптағы оқиға мүлде басқа. Қаным басыма тепті. Сонда да оқып шықтым. Сосынжағамды ұстадым. Өйткені кітапты жарыққашығарғандар, халықтан сүйінші сұрады ғой.«Бәленбайыншы ғасырда Қазібек бек Тауасар ұлы дегендана кітап жазып, ол бәленбай жыл жер астында көмулі жатыпты. Соны тауып алдық. Міне, сендерге керектарих осында қаттаулы тұр» деп. Сұмдық-ай деуімніңсебебі бар, әлгі кітаптағы жазу мәнеріне, стильіне қарасам, он сегізінші ғасыр тұрмақ он тоғызыншығасырдағы Абай мен Ыбырай Алтынсаринніңжазғандарына жақын келмейді. Ол бүгінгі, соныңішінде «Социалистік Қазақстанның» қасаң тіліменжазылған. Өте бір шалағай дүние, өз аталарын мақтау,өзгелерді төмендету. Сондай қойыртпақ. Сол кітапта«өткенде жазып берген өлеңдеріңді жоғалтып алдым,тағы бір өлеңдер жазып берші» деп Бұхар жырауҚазыбек бек Тауасарұлына жалынып жүрген бір сорлы.Ау, Бұхар жырау сондай деңгейдегі адам ба, еді? Оныңөзі көл-көсір дүние шығарған жырау емес пе? Мұндайда масқара бола ма? Қабанбай батыр, өз інісімен біртүйеге таласып жүрген, дүние қоңыз біреу. Аты шулыБөгенбай батыр қолтоқпақтай жан. Көкесі-ау, өзтұқымыңды дәріпте, бірақ тарихи тұлғаларды солардыңкөңкесінде қалатындай етіп, қорламау керек қой. Абылай бір күңнен туған құл екен. Оны Төле би ұрлап алып, Көркем Уәлидің баласы болмағандықтан соғанберіпті. Атақты Қаздауысты Қазыбек биде бір баланыұрлап алып,Абдолаға береді. Ол болашақ Жолбарыс ханеді. Ойлары төреден емес, ханды қарадан шығару керекекен. Бірақ әлгілер төренің бауырында өсуі керек.Қызығын қарасаңшы, бірі күңнен туған, біріжылқышының баласы, олар өскен соң ержүрек, батыр,ел бастаған данышпан хан боларын әлгі билер алдынала қалай біліп қойған десеңші. Сол  мақалада айтқаным барды, «Бала ұрлау Еурпалда емес, орыстардан емес, бізден шығыпты. Оған атақтыбилеріміз жол салып беріпті» деп. Бұхар жыраудан басқа, Қаз дауысты Қазыбек, Қабанбай, Бөгенбайлар «бізді де қағазыңа жазып, тауарихта қалдырсайшы» деп Тауасарұлына жалынып жүреді… Демек осының жалған екенін айту керек болды. Шындықты айтайық,талқылайық десем ешкім үндемейді. Жазушылародағына бардым. Ол кезде Қалдарбек Найманбайұлыодақтың төрағасы. «Ойбай бұл тарих қой, анау-мынау»деп ат- тонын ала қаштып, ақыры «тарих институтынабарсаңшы, солар жөнін айтар» деп шығарып салды. Ертесінде Манаш Қозыбаев басқарып отырған мекемеге бардым. Кітапты ала барғам. «Мынаны оқыдыңыз ба?»дедім амандық-саулықтан кейін. «Оқыдым. Қазіросындай өтірік дүниелер көбейіп кетті, не істерімізді білмейміз» деп шағына сөйледі. «Одақпен бірігіпталқылайық. Одақтан баяндамашы мен болайын, сіз біреуді шығарыңыз. Бұл тарих алдындағы, халықалдындағы масақара іс. Соның алдын алайық» десем,«Осындайлардың бәрін жинап, үлкен конференцияжасайық деп отырмыз. Шыдаңыз» деп шығарып салды. Сүйтсек ол кісі де бұл кітапты талқылауға тісі батпайотыр екен. Кітап артында азулы топ барын  білетін Манаш аға содан қаймығады екен. Содан амалсыз, көлемді мақала жазуға отырдым. Отыз беттік мақаладаяр болды, «Қуыршақ хандар мен алдамшы билертуралы немесе бір шежіренің құпиясы» деген. 1993 жылы 5 қараша күнгі «Қазақ әдебиетінің» үш бетінежарияланды. Оған дейін әлгі кітапты біреулер тарихиқұжатқа айналдыра бастаған. Осы маңайдағымектептерге оқыта бастады. Бұл жалған тарих қой. Сол мақаламда «Мына кітап он сегізінші ғасырда жазылса,онда қазақ романы сол кезде туды деу керек. Үлкенсенсация осы. Неге сүйінші сұрамайсыңдар» дедім. Жалған кітап екені бесенеден белгілі. Өйтіп тарихқақиянат жасауға болмайды. Халық мені қолдады.Ақыры әлгі кітапты  жарнамалау тоқтады. Үлкен бірөтіріктің жолын кескеніме разымын. Қазірде неше түрлі сорақы  дүниелер шығып жатыр. Бірақ қайсысымен алысасың, қайсысының жолын бөгейсін. Мәселен Райымбек батырдың да туған жылы қате көрсетіліп жүр. Әдейі. Қалайда оны «Ақтабан шұбырынды кезіндеерлікпен соғысты, елін қорғады» деп дәріптеу үшін. Оның батырлығына дау жоқ. Елін, жерін қорғағанбатыр. Бірақ ол дәл сол тұста өмірге келген жоқ.«Ақтабан шұбырынды» кезінде оның атасы ХанкелдіҚабанбайлармен тізе түйісіп жоңғарға қарсы аттанған.Немересі атасынан кем дегенде 40-50 жас кіші болмайма? Кесене  басындағы  жазуда керісінше Райымбекатасы Ханкелдіден 16-17 жас  қана кіші болып жүр. Бұлақылға сыйа ма? Тізе берсек жетеді…

Біразға келдіңіз. Әр адамның өмірде бір өкініші, бір үміті болады. Сізде ше? Неге қол жеткізеалмадым деп ойлайсыз?

Егерде шығармашылық жағымнан келетін болсам,сан соғым қалатындай, бармағымды шайнайтындайөкінішім жоқ. О баста ойыма алған, мақсат еткеншығармаларымды жазған сияқтымын. Әрине жазатындүние әлі де бар. Болдым, толдым, қаламды бұрышқажинап қойдым деп айта алмаймын. Бірақ бір қате жолғатүсіп, немесе әдебиетті біреулердің, я болмасамәнсәбтің, биліктегілердің табанының астына салғанкезім, өз фамилиямды былғаған кезім болмаған екен. Бірақ мысал айтайын, «Соңғы көш» романы 70-шіжылдары жазылды. Ол қиын кез еді. Советпен Қытайарасы ушығып тұрған, екі ел араз болатын. Ол жақтағықазақтардың өмірін бұл жақтағылар білмейді. Содан ба, кітапты жазғаннан, оны бастыру қиын болды. «Мынаужөн екен, басуға болады» деген сарапшы адамдытаппай қиналдым ғой. Төрт дана етіп, машинкағабастырғанмын, соның үш данасын КГБ, ЦК жәнеакадемияға жібердік. Бірақ бірде біреуі жарытып ештеңе айтпады. Айтатындары «Оқиғасына,көркемдігіне дауымыз жоқ, бірақ ол жақтағы тірлік бізгебимәлім. Сондықтан басуға жіберуге болады дегеннұсқау бере алмаймыз» деген рәуішті. Дегенмен қауіпсіздік комитетттің қызметкерлері, «мұны бір білсеМәскеудегі Қиыр Шығыс институты біледі. Сол жердеқытай танушылар бар. Соларға орысша нұсқасын жолдасын» депті. Амалсыз жедел орысшаға аудартып,сол жаққа салып жібердім. Арада бес-алты ай өткендежауап келді. «Өте жақсы, керек кітап. Көркемшығарманы басуға болады» депті. Содан кейін ғана «Соңғы көштің» жолы болды. Алғашында «Жұлдыз»журналының  үш  нөмерінде басылды. Ол кезде тиражқандай дейсің ғой, журнал 196 мың данамен тарайдыекен. Керемет емес пе! Сол «Соңғы көш» мені жұртқа бірден танымал етіп кетті. Кейін тәуелсіздіктен кейінсол «Соңғы көшті» қайта бастырып шығаруға туракелді. Баспаға  кетерде, қолыма алып оқып шықтым. Мәселе, «Совет пен Қытай араз кезінде жазылып еді.Қазір доспыз,  заман өзгерді. Сондықтан артық кеткен я болмаса кем айтылған жерім бар ма, түзейін» деген ойғой. Бірақ бір сөзіне тиісе алмадым. Артықтаайтпаппын, кем де айтпаппын. Бәрі қаз қалпындажазылған. Бір нәрсе, сонау жетпісінші жылдары алғаш кітап шыққанда, 32 жылғы аштық кезінде Қытайға ауыпбарған қазақтар жөнінде жазылған тараулар бар еді,цензура сол  жерлерді  кесіп алып қалған. Соның  бәрі үйде сақтаулы еді. Соны  ғана қосып жібердім. Басқаөзгеріс жасамадым. Жалпы қай шығармамды  да  екінші рет  қайта  қараған емеспін.

Оралхан Бөкей күнделігінде «әр біршығармамды жазуға отырған сайын, бұл меніңсоңғы дүнием емес пе?» деп үркектеп отырамындепті. Сізде ондай сезім бола ма?

– Оралхандағы көңіл-күй барлық жазушылардаболады. Мәселен, Ілияс Есерберлин шығарма  жазғанда керемет асығатын. Оның көптеген кітаптарына редакторболдым. Бір байқағаным ол кісі әр бір шығармасы жазып болған соң, ол жарыққа шыққанын көрмей кетембе, деп, асығып жүретін. «Ілеке-ау сонша негеасығасыз деп сұрап қалсам, «Оу, Қабдеш мен сенсекілді қылшылдаған жас емеспін. Жасым біразға келді.Көкіректе ой-арман көп, соның бәрін ақ қағазға түсіріпқалсам ба, деймін. Оның үстіне мен сырқатпын ғой, біркүні қисайып қалсам  ба, кім білсін?» деп отыратын.Қолжазбасын бірден орысшаға аударта беретін. Әрине, асығатын жалғыз Ілияс па еді, жасы біразға келіп қалғанкез-келген ақын-жазушы осындай ойда жүреді. Ол сезім меніңде басымда бар. Міне, алдымда қолжазба жатыр. Компьютрмен тергенде 400 беттен астам. Мен де осыкітап тезірек жарық көрсе, көріп кетсем деген бірсақтық қылаң береді. Енді адамбыз ғой… Жасым жетпісжетіге шықты дегендей…

Егерде Әуезов 1932 жылы «жаздым, жаңылдым, Кеңес билігін, мойындаймын» деп Алаш идеясынансырттай болса да бас тартпағанда өзге арыстарсекілді атылып кетері белгілі болатын. Әуезов, Әлихандардың, Ахметтердің, Міржақыптардың,Смағұлдардың ізімен мерт болғанда қазақ әдебиеті бүгінгі жеткен деңгейге көтеріле аларма еді? 

Империя кезінде қазақ әдебиеті екі бағытттадамыды. Бірі солақай саясаттың сойылын соғушы да,екіншісі халықтық бағытта. Осы халықтық бағыттыңтуын ұстап қалған жазушы Әуезов болды. 1930 жылдан32 жылға дейін Мұхтар Алматының түрмесінде отырды. Содан «мен советтік платформаны қабылдаймын» депЖоғарыға хат жазды. Сүйтіп түрмеден босады. Әйтпесеол  да, алдыңғы толқын ағаларының жолын құшып, жоқболып кетер еді. Мұқаңның хат жазуы өте дұрыс жүрісболды. Тактика деп жатады ғой. Сол  тұста алашкөсемінің бірі Ахмет Байтұрсынов Мұқаң түрмедежатқанда «Сен жассың  әлі. Бізге енді кері қайту жоқ.Қалған тірлікті сеніп  саған тапсырамызд. Сенің қазақмәдениетімен әдебиетін көтеруге қабілетің, дарыныңжетеді. Біз секілді аранға  түспей  басыңды  сақтап  қал»деп ақыл берген деседі. Оны Мұқаң құп алған. Бұданқазақ ұтылған жоқ. Қазақ әдебиетін қол жетпес биіккекөтерді. Алаш арыстарының аманатын абыройменорындады. Қазақ халқының бағы болды. Егерде Мұқаңатылып кеткенде, дәл сол уақытта халықтық жолғатүрен салатын ондай адам шығуы неғайбыл еді. Олсерке еді. Қалғандары соған еліктеді, соның ізіменжүрді. Өткенде Жазушылардың құрылтайында одақ басшылары «біздің тұсымызда бұрын соңды болмағандәрежеде жазушылардың саны өсті» деп мақтанды. Бұлмақтанатын нәрсе емес, жалпы әдебиетті сан шешпейді. Сапа шешеді. Әрине әлгі келтірілген жеті жүз жетпісжазушы әйтеуір әдебиеттің маңайында жүреді, күнкөріп. Бірақ әдебиетті биікке көтеретін, қара нардай жүгін тартатын жеті жүз жетпіс жазушы емес, жеті-ақжазушы болуы мүмкін. Әуезовтың соңынан Мүсірепов,Мұстафин Есенберлин, Ақтанов, Мағауин т.б ерді. Бәз біреулер «Шерханның шекпенінен шықтық» деп жүрғой. Бірақ Шерханның шекпені қанша адамға жететінінбілмеймін. Шынтуайтында Әуезовтың макентошы бәрімізге пана болды. Қадыр Мырзалиев қайтқанда, қырқына барғанда сөз сөйледім. Сонда «Қадырмен біргеәдебиеттің бір дәуірі кетті. Ол жәй дәуір емес,әдебиетттің алтын дәуірі. Ол Қадырмен, оның буынымен (жетпіске келгендер) аяқталады» деп едім.Ол одан кейін әдебиет болмайды деген сөз емес.Әдебиет болады, бірақ  ол басқа әдебиет. Мәселен, біржылда қырық екі «Алаш» сыйлығын беретін әдебиетбасталады… Сөз қадірі кетеді, сөз сиқыры жоғалады, талғам ортаяды… Осындай әдебиет болады. БірӘуезовтың өзі қазақ әдебиетін биік қырқаға шығарыпеді. Әдебиетте «Абай жолы» тәрізді, «Әуезов жолы»тәрізді тыңнан  жол  салатын  тұлғалар  туа  ма. Кесіп  айту  қиын.

Әңгімелескен Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ