Талғат ТЕМЕНОВ, режиссер: Мен – сол Талғатпын…

– Алғашқы «Махаббат бекетін» түсірген Талғат пен қазіргі Талғаттың айырмасы неде?

– Кім білсін неде екенін? Қайда жүрмейін, қайда болмайын,қандай асуды бағындырмайын мен бәрібір сол Талғатпын.Бір қарағанда, өзгерген ештеңе жоқ. Бірақ, өсу, өрлеу, ысылу бар. Әлі де сол «Махаббат бекетін» түсіргендегідейдүниеге пәк, бейкүнә, ғашық көзбен қараймын. Көңілде сондай. Иә, «уақыт баладан дана жасайды» деген сөз рас. Көңіл баяғыдай болғанмен, өмірлік тәжірибе жетерлік.Өстік. Өркендедік. Көрдік. Ойландық. Толғандық. Қалыптастық. Ақ пен қараны, сыйластық пенсатқындықты, дос пен дұшпанды ажырататын кезге жеттік. Қазақ айтады ғой, «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деп. Шындығы сол. Өз ісімедеген шеберлік те жоқ емес. Түсірген фильмдеріме,жасаған спектакльдеріме кейде көл-көсір мақталып, кейдедатталып жатамын. Оған ренжімеймін. Өйткені «ұзындаөшім, қысқа да кегім жоқ» адаммын. Егер де әділінкөрсетіп жатса, сынды бір кісідей қабылдай аламын. Алжоқтан өзгені айтып, қаралап жатса, әңгіме басқа… Неістедім, не бітірдім, оған уақыт төреші. Егер де ұлтым үшінтитімдей игілікті іс жасай алсам, соның өзі үлкен дүние деп білемін.

«Болдым-толдым» деп айта аласыз ба?

Жоқ. Ешқашан. «Толдым» деген тоқыраудың белгісі,«болдым» деген болмастықтың белгісі.

Шет елде сыйлық алып келіп жатқан фильмдер өзкөрермендеріміздің көңілінен неге шыға бермейді?Қызығушылық неге тудырмайды?

Бұл сұраққа жауап бергім келмейді. Бұл «Неге?» дегенүлкен сұраққа сол фильмдерді түсіргендер, не болмасакино сыншылар, тіпті болмаса «Қазақфильмнің»басшылары жауап бергені жөн-ау.

Сіз зиялы қауым өкілісіз. Ұлт жанашырысыз. Қарапайым адам ретінде емес, зиялы азамат ретінде қазіргі қоғамға қандай баға бересіз?

Әрине, кем-кетіктер жетерлік. «Төрт аяғынан тең басыптұр» деу ертерек. Бірақ уақыт өте келе түзеледі ғой депесептеймін. Біз жас мемлекетпіз. Шалыс басқанқадамдар да бар шығар. Бірақ өмір алда ғой. Жөндеугеболады. Көршілерге көз салайықшы. Қайсысы оңып тұр. Кейде қазақтардың гастарбайтер болып өзге елде емес,қайта біздің жерде өзбек, қырғыз, тәжіктер жүргенін көріп,тәубе деуге болады.

Өнерде неге өкініп, неге шүкіршілік етесіз? 

– Өкінетін дүние, ол мен секілді талантты, тәжірибеліадамдардың кино саласынан шеттетіліп, еленбей жүруі. Шүкіршілік ететінім – кино саласында жасай алмағанеңбегімді осы театрға келіп жасап жатырмын.

Егер де осы өнер саласын қумағанда, Талғат қазір қайсалада жүрер еді? 

– Философ болар едім.

Хоббиіңіз не?

–Жазда мүмкіндік болса, балық аулаймын. Сосын бильярдойнағанды ұнатамын.

Жақсы ойнайсыз ба? 

–Жаман емес. Бір емес, екі кииім бар.

«Нағыз дос санаулы ғана болады» деп жатады. Нағыздосыңыз кім?

– Құдайға шүкір, таныс та, дос та жетерлік. Бірақ жақындостарым деп, бала кезден, яғни отыз жылдан бері аралас-құралас болып келе жатқан жұртқа танымал азаматтар Иманғали Тасмағанбетов, Досхан Жолжақсынов, ТөлегенМұхамеджановты атар едім. Қимас жақын достарым осылар.

Жинала қалаған шақта, әңгімелеріңіз қай тақырыпта өрбиді?

Көңіліміз қалаған кез келген тақырыпқа. Тек бизнес,ақша дегеннен аулақ әңгіме.

 

Әңгімеңізге рақмет.

tazael.kz