Айыр қалпақтылардың айрықша жиыны

Бішкекте «Қырғызстан: кеше, бүгін, ертең» деген тақырыппен өткен құрылтайға елдің
әр аймағынан 700-ге жуық делегат қатысты деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз
қызметі. Жиында экс-президент Алмазбек Атамбаев пен бір жыл бұрын осы қызметке
жаңадан тағайындалған Сооронбай Жээнбековтің биліктегі іс-әрекеттеріне баға беріп,
елдегі саяси және экономикалық ахуалды талқылаған.
Адвокат Нурбек Токтакунов Қырғызстанның қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков
экс-президент Алмазбек Атамбаевтың кезінде «түзілген қылмыстық жүйені пайдаланып
отыр» деп мәлімдеген.
«Атамбаевтың ең негізгі жауапкершілігі – ол соттарды, прокурорларды және күш
құрылымдарына реформа жүргізбей, керісінше, осы ұйымдасқан қылмыстық топтың
мүшесі болып, саяси қарсыластарын жаншып, заңды сая си бәсекелестікті жойды. Ал Жээнбеков осы қылмыстық жүйені қолына алып, қазір соны қолданып жатыр. Жээнбековте прокуратура, сот, милиция қызметкерлерінен ұйымдасқан қылмыстық топты саяси оппоненттеріне қарсы қолданып отыр», – деп мәлімдеді.
Президент пен оның аппараты әзірге Токтакуновтың сөздеріне комментарий берген жоқ деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Дерек көз. Азаттық радиосы