Алаш арыстарын еске алған күн

Иісі  қазақ  баласы  үшін  31  мамыр  жай күндердің  қатарына  жатпайды. ХХ  ғасырдың  бас кезеңде  қолдан  жасалған  ашаршылықта қырылған һәм сол   кезеңде жүргізілген  қуғын сүргінде құрбан  болған  алаш азаматтарын   еске алатын  күн. Тарихақа сәл шегініс жасайтын  болсақ, қазақ  даласында ашаршылық  үш  рет болды. Алғашқысы  1917-1918 жылдар. Бұл  кезде  алаштың  арда азаматы Мұстафа  Шоқай  жазып кеткендей  1 миллион 100  мыңнам астам адам  қырылған,  ал екінші кезең  1921-1922 жылдары   қазақтың ұлы  жазушысы Мұхтар   Әуезов өзінің  естеліктерінде  жазғандай   1 жарым миллионға  тарта  адам ашатықтың  құрбаны болған. Ал 1931-1933 жылдар аралығында  болған  ашаршылықта иісі  қазақ  3 жарым  миллионға  тақау  адамнан айрылды. Оның  2  жарым   миллионы  ақ  сүйек  болып қырылып  қалса, 1 миллионға тақау алаш  баласы  өзге  елдерге  босып кетті. 1937-1938 жылдардағы  саяси  қуғын-сүргін кезінде елімзде 100 мыңнан  астам адам ұсталып, 25  мыңы  атылды. Бір сөзбен айтқанда сол саяси  қуғын-сүргін  кезінде  алаш баласының бүкіл бетке  ұстары, мемелкет және қоғам қайраткерлері,  ғалымдар, ақын-жазушылар атылды. Кеңестік қызыл империя қа­зақ­тың мәйегін отап кетті. Бұған  1916  жылғы  ұлт азаттық көтерілісте,   1917-1918 жылдардағы  қызыл  мен ақтың  қырғыны  кезінде қосақ арасында кеткендерді, 1927-1928  жылдары  жүрген  тәркілеуде, 1941-1945 жылдардағы Екінші  Дүние  жүзілік (Ұлы  Отан  соғысы)  соғысы  кезінде  құрбан  болған  алаш ұлдарын  қоссаңыз жоғарыда келтірілген есепке  тағыда  миллиондаған  құрбан  қосылар еді. Мұның бәрі қызыл  империяның  қазаққа қарсы  жасаған  зұлматы. Егерде ел  басына  түскен сол нәубет кезең  болмағанда, бүгінгі қазақ баласының  саны 40-50 миллион адамның  көлемінде  болар еді. Мұны  енді  трагедия емес  деп кім айтады? Демек сол  қолдан жалаған зұлмат  құрбандарына  арнап  дұға  оқып, құран бағыштап отыру иісі  қазақтың  парызы. Әу  баста тарихтың  ақ  таңдақтарына  зерттеу  жүргізген  комиссия  1992  жылы  31 мамырды  «Ашаршылық құрбандарын еске алу» күні  болсын  деп ұсыныс тастаған  еді. Алайда  біраз  уақыт өткен  соң,  1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен  «31 мамыр Саяси қуған сүргін  құрбандарын  еске алу» күні  етіп жариялады.  Содан  бері бұл күн алаш арыстарын  еске алу  күні  ретінде аталып  келеді. 

Кеше қазақтың  арда азаматтарының  бірі,  елім-жерім деп  жүрген  тұлға,  белгілі  кәсіпкер-меценант һәм «Байтақ  -Болашақ» экологиялық  альянсының  төрағасы Азаматхан  Әміртай   алаш арыстарына арнап ас  берді,  ауыз ашар ұйымдастырды. 

 Қасиеті жұма  әрі қадір  түніне сай келген  бұл ауыз ашарға  еліміздің белгілі   мемлекет және  қоғам  қайраткерлері, тарихшылар, ақын-жазушылар,  журналист-блогерлер,  баспагерлер.  Жоғарғы  оқу орындарының  ұстаздары   қатысты.

tazael.kz