Әміржан Қосанов президент сайлауына кандидат болып тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы Әміржан Қосановты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ОСК сайтына сілтеме жасап.

1. Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін.

2. Әміржан Сағидрахманұлы Қосановқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі “Қазақстан Халық жинақ банкі” акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын, делінеді қаулы мәтінінде.