“Ақ Жол” партиясынан президент сайлауына Дәния Еспаева түседі

24 сәуірде Қазақстанның “Ақ жол” Демократиялық партиясының кезектен тыс XV сьезі болып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сьезд “Ақ жол” ҚДП-ның президент сайлауына қатысуы мен оған кандидатура шығару мәселелерін қарастырды.

Сайлауға түсетін кандидаттың есімін партия төрағасы Азат Перуашев атады. Ол – VI-шы шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева болды.