АҚШ Қазақстанмен мығым әріптестікті бағалайды – Трамп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңатына Қазақстан Республикасының президентіболып сайлануына орай, АҚШ президентіДональд Трамптан құттықтау жеделхаты келіптүсті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

«Осы жылдардың ішінде екіжақты қарым-қатынастарымызда үлкен жетістіктерге қолжеткіздік, ынтымақтастық рухымыздың әріқарай да жалғаса беретініне кәміл сенемін. Америкалық бизнестің Қазақстанменэкономикалық ынтымақтастықты кеңейтубағытында жаңа мүмкіндіктер алғанықуантады», – деп жазды Дональд Трамп.

Ақ үй басшысы, АҚШ-тың Қазақстанменкеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетужолындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыраберуге ниетті екенін атап өтті

«АҚШ Қазақстанмен мығым әріптестікті бағалайды. Орталық Азия мен жаһандық деңгейдегі ортақ мүдде аясында сізбен және Қазақстан халқымен бірлескен жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Жұмысыңызға мол табыс тілеймін», – делінген АҚШ Президентінің құттықтауында.