АҚШ Ресейге салынған санкцияның уақытын созды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге салынған санкцияларды тағы бір жылға ұзартты.

5 наурызда Ақ үй сайтында жариялаған құжатта “ресейлік саяси тұлғалардың Украинадағы әрекеті әлемдегі жағдайдың тұрақтылығына, елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндіреді. Бұл АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне және сыртқы саясатына да қауіпті” деп жазылған. ​

2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап соң Вашингтон Мәскеуге санкция салған. Биыл ақпан айының соңында АҚШ Ресейге қарсы санкциялар туралы жаңа заң жобасын жариялаған.