Енді Назарбаевтың жаңа кабинеті қайда орналаспақ?

Тұңғыш президенттің Кеңсесінің Басшысы Махмұд Қасымбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімінде Нұрұлтан Әбішұлының жаңа кеңсесі “Назарбаев орталығында” орналасатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі

Назарбаев орталығы Ақордаға жақын, Есіл өзені жағасында тұр. Нысан жүйелі түрде жұмыс істейді.

“Біз Тұңғыш президент – Нұрсұлтан Әбішұлының қызметін ұйымдастыру мен құжаттандыруды іске асырамыз. Біз Назарбаев орталығында орналасамыз. Ол жерде елбасының кеңсесі бар. Сіздерді шақырып, бәрін көрсете аламыз”, – деді Кеңсе басшысы журналистерге.