НАТО Қара теңізді қарауылға ала ма?

АҚШ  сенаторы Джон Баррассо АҚШ  және  НАТО-ның  әскери  кемелерін Қара  теңіз  акваториясына   кіруін  талап  етті. Ондағы  мақсат  Керч  түбігінде  Ресей  мен  Украина  арасында  болған  жанжалда  украиндықтарды  қолдау  еді. Сондай-ақ  сенатор  Мәсеку  тарапынан  қысым  көріп жатқан  Киевке Әуе  күштерінен  қорғану және  кемеге  қарсы  қолданатын  зымырандармен  көмек  беру  керектігін  айтты.  Осылайша  ол НАТО  өзінің   әріптестерін жалғыз  қалдырмайтынын  һәм Қара  теңізге  мұздай  қаруланған  кемелерді енгізе  отырып, күш-қуатын Ресейге  сездіру  керек  деп  есептейді. Әзірге оның  бастамасына  АҚШ  та,  НАТО  да  үн  қатқан  жоқ. Алайда Джон Баррассоның  жауынгерлік  ұранына Ресейдің  ресми мекемелері жауап  қатпағанымен,  жекелеген  саясаткерлер:  «НАТО  кемелері Қара  теңізге кіргенмен,  ол  жерден  қайтып  аман  шыға ма  жоқ па?» деген  секілді  кекесінді жауап  қайтаруда. Бір  ескерте кететін  жайт,  осыдан біраз  күн  бұрын  Украина  президенті Азов  теңізінде  болған  жағдайға  байланысты  мәлімдеме жасап, өз елінің  қарулы  күштерін  Ресей  шекарасына  жақындататынын   ескерткен. Президенттің   айтуынша  «Ресей  Укрианаға   үлкен қауіп  төндіріп  отыр.  Тіпті Донбасты  басып алуы  ықтимал.  Соған  байланысты елдің  бір  қатар аудандарында  соғыс жағдайын енгізіп, әскерді  шекараға  жақындатуға  мүжбүрміз»  деген еді.