Назарбаев Nur Otan саяси кеңесі бюросын шақырды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan саяси кеңесі бюросының отырысына шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 5 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысына шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Елбасының өкілі Айдос Үкібай.

5 ақпанда Назарбаев Nur Otan ХДП саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, ол 18 наурызда өтеді.