Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев АЭФ жұмысына қатысуда

Бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен XII Астана экономикалық форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР АЭФ: Жұмыспен қамту саласындағы өзектімәселелер талқыланады «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында өтіп жатқан форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысуда. Тіркелгенделегаттардың жалпы саны 5 492 адамды құрайды. АЭФ-2019 шетелдік және қазақстандық БАҚ тарапынан да үлкен қызығушылық тудырды. 30 елден 710-нан астамБАҚ өкілдері қатысуда. Форумға қатысатын шетелдікқонақтардың қатарында Халықаралық валюта қорыныңбасқарушы директоры Кристин Лагард, Қытай ХалықРеспубликасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері ХаньЧжэн, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян, Nokia Corporation директорлар кеңесініңтөрағасы Ристо Сииласмаа, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты сынды танымал тұлғалар бар. АЭФ-2019 теңдесі жоқ болып табылады. 12 жыл ішіндеалғаш рет оның қабырғасында екі күн ішінде 50-ден астамсессия мен іс-шаралар өтеді. Форум тарихында алғаш ретстуденттер мен жастар іс-шараға тегін қатысуға мүмкіндікалады. Олар үшін арнайы формат – AEF Talks әзірленген. Онда Нобель сыйлығының лауреаттары мен саясиқайраткерлермен ашық дәрістер мен кездесулерқарастырылған. АЭФ-тың басты мақсатыжаһандықүрдістерді зерттеу және Қазақстан дамуының практикалықсаясатын жасау үшін экономикалық саясат пен ғылымсаласында тәжірибе алмасу алаңын құру. 11 жыл ішіндеАстана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелерінталқылауға арналған ең беделді халықаралықплатформалардың бірі ретінде мәртебеге ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегаттар, оның ішінде 20-дан аса Нобель сыйлығының лауреаттарыжәне 30 жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлеріқатысты. Конгресс аясында 20 миллиард АҚШдолларынан астам сомаға 300-ден астам меморандумдармен келісімдер жасалды.  

inform.kz