Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды.

«Бүгін Сенат тарихында ерекше күн болып отыр. Өткен аптадағы палата отырысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Құрметті Сенатор»  мәртебесін беру туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын сенаторлар бірауыздан қолдап, тарихи шешім қабылдады. Сенат бюросы қабылдаған «Құрметті Сенатор» мәртебесі туралы ережеге сәйкес, маған арнайы төсбелгі мен куәлікті Сізге Сенат атынан тапсыру жүктеліп отыр», – деді Парламент Сенатының спикері Дариға Назарбаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамыр айының соңында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілген болатын.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы, сондай-ақ отандық парламентаризмді орнықтырудағы және дамытудағы сіңірген тарихи еңбегін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге, елдің стратегиялық даму бағдарын айқындауға қосқан аса зор үлесін мойындай отырып, ҚР Парламенті Сенаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы шешімді қабылдады.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/nursultan-nazarbaevka-kurmetti-senator-tosbelgisi-men-kualigi-tabystaldy_a3534706