Өзбектер астанасын өзгерте ме?

StanRadar порталы өзбек жазушысы Мамадали Махмудов (лақап аты – Эврил Турон) Өзбекстан астанасын Джизакқа, Шавкат Мирзиеевтің кіші отанына көшіруді ұсынғанын жазады.

— Ташкент қайда орналасқан? Өзбекстанның ең алыс жерінде! Облыстардан келу үшін адамдар уақыт пен көп ақша жұмсайды. Бұл қаражатқа зауыттар, фабрикалар, тіпті қалалар салуға болады, — деді Махмудов.

Есесіне Джизак, оның айтуынша, ең қолайлы жерде орналасқан және барлық азаматтар үшін ыңғайлы болатын еді.

Ол Астананы Темуркент деп атауды ұсынды (Әмір Темірдің құрметіне).