Порошенко Зеленскийге пікірсайысты 14 сәуірде өткізуді ұсынды

Украина президенттігінен үміткер Петр Порошенко қарсыласы үміткер Владимир Зеленскийді пікірсайысты 14 сәуірде өткізуді ұсынды. Петр Порошенко бұл жайлы 7 сәуір кешке “Украина” телеарнасының эфирінде айтты. Бұған дейін екі үміткер пікірсайысты Киевтегі Олимпиада стадионында өткізуге келіскен.

Украинадағы президент сайлауының бірінші кезеңінің қорытындысына сәйкес, актер Владимир Зеленский – сайлаушылардың 30,24 пайыз дауысын, ал Петр Порошенко 15,95 пайыз дауыс алған.

Президент сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірге белгіленген.