Президент Мәңгілік алауға тағзым етті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы “Отан қорғаушылар” монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы Мәгілік алау алдында тағзым етіп, қызыл розалардан құралған бір шоқ гүлді монументке қойды.

Мерекелік іс-шараға онға жуық ҰОС ардагерлері келіп қатысты.

Бір минут үнсіздік пен ел әнұраны шырқалып болған соң Тоқаев олардың қолын алып, бейресми әңгіме-дүкен құрды.

Сондай-ақ, салтанатты жиында Асқар Мамин, Дариға Назарбаева, Нұрлан  Ныгматулин, Бақытжан Сағынтаев, Марат Тәжин төбе көрсетті.

Олар да Мәңгілік алауға ардагерлермен бірге гүл шоқтарын қойып, бас иді.