Президент қызметіне жаңа кіріскен Зеленский парламентті таратты

Бүгін Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсімі өтті. Ол қызметіне кірісіп, халыққа үндеуін айтты.

«Жаңа ғана мен ант бермедім. Әрбіріміз Констититуцияға алақанымызды қойып, ант еттік. Әрбіріміз президентпіз. Бүгінде әр адамның жауапкершілігі бар. Украинаның дамуы үшін бәрін жасай аламыз», – деді Зеленский.

Ол шетелде жүрген отандастарына азаматтық беретінін айтты.

«Біз бәріміз украиналықпыз. Біріккенде ғана мықты боламыз. Украина 65 миллион украин бар. Әлемдегі барлық украинға айтарым, сіздер бізге керексіздер. Қуана-қуана сіздерге Украинанң азаматтығын беремін. Сіздер үйлеріңізге қайьуға тиіссіздер. Өтінемін, өздеріңізбен білімдеріңізді ала келіңіздер. Осының бәрі жаңа дәуірді бастауға көмектеседі», – деді ол. 

Жаңа президент биліктің ең алғашқы міндеті «Донбасттағы отты сөндіру» деді.

«Дауды тоқтату үшін неге дайынсыз деп менен жиі сұрады. Ал сіздер неге дайынсыздар, украиналықтар? Батырларымыз ендігәрі қаза болмас үшін мен бәріне дайынмын. Қиын шешім қабылдаудан қорықпаймын. Егер қажет болса, бейбітшілік үшін, жеріміз үшін лауазымымды жоғалтуға дайынмын», – деді президент.

Ол министрлер мен депутаттардан портретін кабинеттерге қоймауды сұрады.

«Кабинеттеріңізде менің суретім, портретім тұрмаса екен, өтінемін. Себебі президент – икон, идол, портрет емес. Ол жерге балаларыңзыдың фотосуреттерін қойыңыздар және әрбір рет шешім қабылайтын кезде солардың көздеріне қараңыздар», – деді ол.  

Зеленский Украина парламенті – Жоғарғы Раданы таратынын айтты.

«Құрметті депутаттар! Депутаттыққа қол сұғылмаушылықты алып тастау, заңсыз баюға қылмыстық жауапкершілік, көп азап шеккен сайлау кодексі туралы заң қабылдауды сұраймын. Сондай-ақ, Украина қауіпсіздік қызметі, Қорғаныс министрі, Украинаның бас прокурорын қызметінен босатуды… Бұл үшін бізде екі ай бар… Жоғарғы Раданың 8-шақырылымын таратамын», – деді ол инаугурацияда. 

Еске сала кетсек, Зеленский сайлаушылардың 73% дауысын жинап, жеңіске жетті.

Назерке АБИБУЛЛА